Электрқондырғыларды жөндеу және қызмет корсету жөніндегі электрмонтері
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» магистральдық газ құбырлары басқармасы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтерінің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық үлгідегі және габаритті электр жабдығын бөлшектеу, күрделі жөндеу.
- Жөндеуден кейін аппаратуралар мен электр жетектерінің аспаптарын реттеу және тексеру.
- Күшейткіштерді, жарық және дыбыс сигнал беру аспаптарын, контролерлерді, басқару бекеттерін, магниттік станцияларды жөндеу.
- Күрделі қосу схемалары бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсету.
- Ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажыратып жұмыстарды орындау.
- Трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және құрылымдық элементтерді бөлшектей отырып, оларға жетектерді тексере отырып, электр желілерінде жедел ауыстырып қосуды орындау.
- Люминесцентті жарықтандыру схемаларын тексеру, монтаждау және жөндеу.
- Кабельді тарқату, бөлшектеу, мөлшерлеу, төсеу, енгізу құрылғылары мен жалғағыш муфталарды монтаждау, кернеумен кәбіл желілеріндегі шеткі бітеу.
- Кабельдердің зақымдалған жерлерін анықтау, жерге қосу кедергісін, кабель қабығындағы потенциалдарды өлшеу.
- Электр жабдықтарының күрделілігі орташа қосу схемаларымен істен шығуы мен ақаулықтарын анықтау және жою.
- Жұмсақ және қатты дәнекермен дәнекерлеу.
- Сызбалар мен схемалар бойынша жұмыстарды орындау.
- Электр қозғалтқыштары үшін іске қосу кедергісін таңдау.
Талаптар:
- Білімі: электрмонтер мамандығы бойынша арнаулы орта білім.
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар
«Экибастуз» НПС-і үшін электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, 4-разряд, Павлодар мұнай құбырлары басқармасы
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
13.10.2026 | 308
ЭХҚ қызметінің әуе электр желілерін жөндеу бойынша электромонтері
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Қостанай қ.
12.10.2026 | 135
Электр жабдықтарын сынау және өлшеу жөніндегі электрші, Электр зертханасы, Электр машиналары цехы, Ш. Шокин атындағы Қапшағай ГЭС-і, Қонаев қаласы
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Қонаев қ.
06.10.2026 | 266