Автокөлік қызметінің 4 тарифтік дәрежелі автокөлік жүргізушісі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Теміртау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
38

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын сізден конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің дұрыстығына ізденуші жауапты болады.
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған жұмыс орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Автокөлікті рейске шығар алдында техникалық тексеруден өткізу;
  • Автокөлік құралын басқару;
  • Орындалған жұмыстардың сапасын бақылау;
  • Нормативтік-техникалық құжаттаманы толтыра білу және оның дұрыс толтырылуын бақылау, олар бойынша есеп жүргізу;
  • Белгіленген маршрут бойынша желіге шығу, автокөлікті тиеу жұмыстарына дұрыс беру, жүктің автокөлікке дұрыс тиелуін, орналастырылуын және бекітілуін бақылау;
  • Жол жүру барысында автокөлік құралын басқару, жол жүрісі қағидаларын сақтау; желіде жұмыс істеу кезінде туындаған, құрастыру бірліктерін бөлшектеуді талап етпейтін жылжымалы құрамның пайдалану ақауларын жою;
  • Жүкті тапсырыс берушіге жеткізу және тапсыру. Қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдеу. Автокөлік кәсіпорнына қайтып оралу, жүкті тапсыру және автокөлікті тұраққа қою.

Талаптар:

Білімі – жалпы орта білім және автомектепте жүргізушілер курсын аяқтағаны туралы құжат немесе жалпы орта білімі болған жағдайда тиісті лицензиясы бар мамандандырылған оқу орындарында оқудан өткен болуы. Жұмыс өтілі – кемінде 1 жыл.

Шарттары:

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу.

Екі демалыс күні – сенбі және жексенбі болатын бес күндік жұмыс аптасы.