Жетекші менеджер, Уранды есепке алу және бақылау басқармасы.

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
134

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Тікелей басшының (тікелей басшының міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқауларын уақытылы орындау; • Серіктестіктің уранды есепке алу және бақылау жүйесінің жұмысын бақылау және талдау; • Уранды есепке алу және бақылау жүйесін жақсарту және оңтайландыру; • Деректерді жинау мен өңдеудің дұрыс, ыңғайлы және тиімді әдістерін енгізу; • Дайын өнімді есепке алу және бақылау; • Серіктестік басшылығына, оның құрылтайшыларына және тиісті мемлекеттік бақылаушы органдарға апталық есептерді құрастыру; • Барлық кіріс деректерін тексеруді, талдауды, өңдеуді және бақылауды қамтамасыз ету; • Қажетті құжаттар мен материалдарды (баспа және/немесе электронды түрде) сақтаудың тиісті жүйесін қамтамасыз ету, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету; • Құжаттардың тиісті сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету үшін деректерді сақтау жүйесін әзірлеу, сақтау және жаңарту; • Деректерді дайындау және айлық, тоқсандық және жылдық есептерді құрастыру; • Серіктестіктің тиімді жұмысы үшін қажетті ақпаратты құрылымдық бөлімшелердің мамандарына, менеджерлеріне және басшыларына беру; • Уранды есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және өзектендіру; • VINKOM платформасының есептілік модулін және онымен байланысты модульдерді әзірлеу және жетілдіру бойынша міндеттерді қоюға қатысу; • VINKOM платформасының есептілік модулін әзірлеу және жетілдіру үшін бастапқы деректерді жинау және өңдеу; • VINKOM платформасының есептілік модулі мен онымен байланысты модульдердің жұмысындағы кемшіліктерді іздеу, тестілеу және жетілдіру; • VINKOM платформасын әзірлеу және жетілдіру бойынша шешімдер қабылдауға белсенді қатысу; • Тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының өндірістік бөлігін әзірлеу және дайындау, өндірістік жоспарлар мен бюджеттерді құрастыру кезінде тікелей басшыға, қызметкерлерге және Серіктестік басшылығына қажетті деректер мен ақпаратпен қамтамасыз ете отырып көмек көрсету; • Тікелей басшының тапсырмаларын орындауға бағытталған құжаттармен жедел, білікті, сапалы жұмыс істеу; • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға техникалық тапсырмалар құрастыру.

Білім:

• Жоғары инженерлік-техникалық / экономикалық білім – міндетті

Дағдылар:

• Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің принциптерін білу; • Компьютерлік білім және деректер базасы жүйелерінің жоғары деңгейі; • CRM және ERP жүйелерінің мақсаты мен құрамы; • CMS-жүйелері негізіндегі веб-порталдар; • Өндіріс технологиялық процестерін және олардың ерекшеліктерін білу; • Өндірісте қолданылатын жабдықтардың, аспаптардың, аппараттар мен құрылғылардың жұмыс принциптерін білу; • Үлгілі нысандарды пайдалана отырып құжаттар мен іскерлік хаттарды дайындау ережелерін, қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуін бақылау тәртібін білу; • Еңбекті ұйымдастыру негіздерін білу; • Техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі басшылық материалдар.

Қосымша:

• Кәсіби сертификаттаудың болуы – қалаулы; • В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы (қалаулы).

Білетін тілдер:

• Қазақ тілін – бастапқы деңгейде білу; • Орыс тілін (ауызша және жазбаша) еркін білу; • Ағылшын тілін – бастапқы деңгейде білу.