«Жетісу» желілік-өндірістік басқармасының Бақылау - өлшеу құралдары және автоматика қызметінің ТҮБАЖ жөніндегі инженері (Талдықорған қ.)

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
2707

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «Жетісу» ЖӨБ БӨАжәнеА қызметінің ТҮБАЖ жөніндегі инженері келесі міндеттерді атқарады:

    Филиалдың талабы бойынша жедел, талдамалық, техникалық және басқа да қажетті ақпаратты ұсынады;

    магистральдық газ құбыры объектілерінде пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика, басқару, реттеу және қорғау жүйелерінің үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізеді, инвестициялық бағдарламалардың, күрделі салымдар және жөндеу жұмыстары жоспарларының жобаларын әзірлейді, ақау ведомостарын жасайды және кейіннен олардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

    БӨАжәнеА жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жоспар-кестелердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

    Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының метрологиялық сипаттамаларын тексеру жұмыстарын жүргізеді, кейіннен өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге ұсынады;

    Магистральдық газ құбырлары объектілерінде орнатылған бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикадағы ақауларды жедел жою бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

    Апаттық жағдай, өрт немесе жазатайым оқиға орын алған кезде апаттарды жою жоспарына сәйкес хабарлау сызбасы бойынша Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика қызметінің 1-санатты БӨАжәнеА инженері мен «Жетісу» ЖӨБ басшыларын хабардар етеді;

    Апаттарды техникалық тексеруге және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

    «Жетісу» ЖӨБ-да жедел бақылауды жүзеге асыруға қатысады, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсарту мақсатында іс-шараларды жоспарлайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    Филиал мен Қоғамның өндірістік бақылауының 1–5 деңгейлері қорытындысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы органдарының нұсқамалары негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуына қатысады.

    Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика қызметінің қызметкерлерін нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес техникалық оқытуды, нұсқама беруді және олардың білімін тексеруді жүргізеді.

     «Жетісу» ЖӨБ БӨАжәнеА қызметінің ТҮБАЖ жөніндегі инженері ЕҚҚББЖ шеңберінде келесі міндеттерді орындайды:

    Қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарға (бұдан әрі – ҚжЕҚ) сәйкес қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдануын қамтамасыз етеді;

    Рәсімделуі талап етілетін жұмыстарға жүктелім-рұқсаттарды және басқа да арнайы рұқсаттарды алады, тиісті құжаттамалық рәсімдеусіз мұндай жұмыстардың орындалуына жол бермейді;

    Жұмыс басталар алдында және жұмыс барысында еңбек жағдайларының жай-күйін, олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, жабдықтардың, құрал-саймандардың, жеке қорғаныш құралдарының, қоршаулардың және жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да құрылғылардың жай-күйін тексереді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;

    Технологиялық (өндірістік) процеске сәйкес бригада жұмыскерлерін орналастырады. Бригада қызметкерлеріне жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша қажетті нұсқаулар береді;

    машиналардың, жабдықтардың, құрылыстардың одан әрі пайдаланылуы қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда олардың жұмысын тоқтатады. Күшті әсер ететін уытты, есірткі заттардың, алкогольдің әсеріндегі немесе ауру жағдайындағы бригада жұмыскерлерін жұмысқа жібермейді. Бұл туралы объектідегі жұмысқа тікелей басшыға немесе жоғары тұрған басшыға дереу хабарлайды;

    Ауысым (вахта) барысында бригада мүшелерінің жұмыстарды қауіпсіз жүргізуін бақылайды;

    Шұғыл түрде тиісті қызметтерді шақыруды ұйымдастырады:

    -өрт шыққан кезде – өртке қарсы қызметті;

    апаттар, инциденттер кезінде – апаттық-құтқару қызметті;

    жазатайым оқиғалар, ауыр күйіктер және улану жағдайларында – жедел медициналық жәрдем қызметті;

    зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және оны медициналық ұйымға жеткізуді ұйымдастырады, орын алған жазатайым оқиға туралы тікелей басшыға хабарлайды;

    апат, жазатайым оқиға болған жердегі жағдайдың, егер бұл апаттың немесе оқиғаның одан әрі өршуіне қауіп төндірмесе, өзгеріссіз сақталуын қамтамасыз етеді. Апаттық жағдайдың одан әрі өрбуі мүмкін болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті алдын алу шараларын қабылдайды;

    бригада қызметкерлерінің арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін және оларды міндетті түрде пайдалануын, сондай-ақ қоршау және сақтандыру құрылғыларының, автоматты бақылау және сигнал беру құрылғыларының тиісті жай-күйін бақылайды;

    қызметкер арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да ЖҚҚ-ны сақтау және кию талаптарын бұзған, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған жағдайда, тиісті құжаттарды рәсімдей отырып, оны жұмысқа жібермейді және бұл туралы жоғары тұрған басшыға хабарлайды;

    объектідегі ҚжЕҚ жағдайы туралы тікелей басшыға хабарлайды. Өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін арттыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін қызметкерлерді көтермелеу және ҚжЕҚ талаптарын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Ұжымда аталған талаптарды қатаң сақтауға бағытталған жұмыстарды жүргізеді;

    жұмыстарды орындау барысында қызметкерлердің жұмыс түрлері мен кәсіптері бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын орындамауына жауапты болады.

    жарақаттануды азайту және ықтимал қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға және болдырмауға мүмкіндік беретін Near-miss бағдарламасының талаптарына сәйкес жұмыс орындары мен жабдықтардың техникалық жай-күйіне тәуекелдерді бағалауды жүргізеді;

    жұмыстарды тоқтата тұруды немесе тоқтатуды талап ететін мән-жайлар (қауіпті оқиғалар, жағдайлар, әрекеттер) анықталған жағдайда, олардың себептері жойылғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

    Білімге қойылатын талаптар:

    Жоғары техникалық.

    Лицензиялардың, сертификаттардың және басқа да құжаттардың болуына қойылатын талаптар:

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін тексеру туралы куәлік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша сертификат.

    Жалпы еңбек өтілі - 3 жылдан кем емес.

    Кәсіби салада- 1 жылдан кем емес.

Қажетті қабілеттер

  • - Закон Республики Казахстан «О газе и газоснабжении»
  • - Закон Республики Казахстан «О магистральном трубопроводе»