Ақмола мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі Астана ст. инспекторы (аға)

от 447 686
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
62

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.    Іскерлік әдеп кодексінде көзделген міндеттерді сақтау;
2.     Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
3.     Осы лауазымдық нұсқаулықта және ҚР өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерінің және ҚТЖ жергілікті актілерінің талаптарында көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақтылы орындау;
4.        Инспекторлық құрамның жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды;
5.    Құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларының, басшылықтың тапсырмаларының орындалуы МЕӨҚҚ инспекторларының ай сайынғы жұмыс жоспарларын бақылайды;
6.    МЕӨҚҚ инспекторларының қызметтік даярлығы бойынша сабақтар өткізеді;
7.    Көктемгі (ККТ) және күзгі комиссиялық тексерулер (ККТ), нысаналы және жоспардан тыс тексерулер бойынша ӨТТ қорытындыларын дайындайды;
8.    МЕӨҚҚ инспекторларының жұмыс уақытын есепке алуды және бақылауды жүргізеді;
9.    МЕӨҚҚ инспекторлары жұмысының апта сайынғы есептерін дайындайды;
10.     ТЖД, ҰҚКД, КІІД аумақтық органдарымен ТЖ және террористік қатерлерді жою бойынша оқу-жаттығуларға өрт поездарының (бекеттерінің) қатысуын бақылайды;
11. Өрт есебін жүргізеді, өрт туралы мәліметтерді дайындайды;
12. Қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократия көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша ҚТЖ жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;
13. Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларда белгіленген іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын, еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және ҚТЖ (жұмыс берушінің) өзге де жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;
14. Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдардың, Жалғыз акционердің актілерінің және ҚТЖ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
15. Құпиялылық нормаларын және ҚТЖ жергілікті актілерін бұзбай сенімді ақпаратты уақтылы ұсыну;
16. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
17. Қызмет көрсету шекарасы шегінде өрттердің, авариялардың себептерін тергеуге қатысады;
18. Қызмет көрсету шекарасы шегінде объектілерді, жылжымалы құрамды өрт-техникалық тексеруді жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді;
19. Өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді, ҚТЖ ҚБ және ЕҰ объектілердің және жылжымалы құрамының өрт қауіпсіздігі деңгейін жақсартуға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
20. Құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі саласындағы ҚТЖ жергілікті актілерін әзірлеуге, өзектендіруге қатысады;
21. Жылдық, айлық жұмыс жоспарларын әзірлейді және МЕӨҚҚ-не бекітуге жібереді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi), өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы оқу орталықталығында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындық
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтерме-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары, Вагондар); Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетика, көліктегі логистика, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: Мамандығы бойынша қызмет кескiне тиісті лауазымдарда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс
немесе
  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы оқу орталықталығында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындық
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтерме-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары, Вагондар); Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетика, көліктегі логистика, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • Жұмыс тәжірибесі: Мамандығы бойынша қызмет кескiне тиісті лауазымдарда еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс

Қосымша талаптар:

нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіптілігі тәуекелдерін есептей білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж