"ӘТЖК" ЖШС Түркістан филиалы Шымкент станциясындағы атқыштар командасының электромонтері

от 211 229
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
8

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1, Электромонтер жұмыс сипатына байланысты қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті:

- электр тізбегіндегі жоғары кернеу, адам денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықталу;

- жабдық бетінің жоғары температурасы;

- жұмыс орнының едәуір биіктікте орналасуы;

- конструкциялар мен жабдықтардың бетіндегі үшкір жиектер, қабыршақтар мен кедір-бұдырлықтар;

- жұмыс аймағының ауасындағы шаңның, сондай-ақ зиянды және өрт қауіпті заттардың жоғары болуы;

- қозғалыстағы машиналар, механизмдер және олардың бөлшектері.

2, Жалпы өндірістік ластанудан және механикалық әсерден қорғау үшін электр монтері мақта-матадан тігілген комбинезон, былғары бәтеңке, аралас қолғап, астары жылы емес костюмдер мен қысқы кезеңге арналған киімдерді пайдалануға міндетті.
3, Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларда, жұмыс учаскелерінде және жұмыс орындарында болған электромонтер осы ұйымда қабылданған ішкі тәртіп ережелерін орындауға міндетті.
4, Еңбекті қорғау қауіпсіздігі, өрт және электр қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта техникалық (немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық).
Жұмыс тәжірибесі:тиісті даярлықтан өткен, электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ топ және кәсіби дағдылары бар және орындалатын жұмыс бойынша жасы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ.

Қажетті қабілеттер

  • * Активная жизненная позиция, настойчивость, коммуникабельность
  • * Дисциплинированность и ответвенность

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Ұқсас вакансиялар

1 санатты маман "Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Түркістан филиалы Қызылорда станциясындағы атқыштар командасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» | Еңбекпен толық қамтылу | Түркістан облысы
19.08.2026 |  373
от 412 503
"ӘТЖК" ЖШС Түркістан филиалы Қызылорда станциясындағы атқыштар командасының жүкті күзететін күзетшісі
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» | Еңбекпен толық қамтылу | Түркістан облысы
18.08.2026 |  48
от 231 371
"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы"Павлодар магистральдық желісінің Павлодар бөлімшесі, Павлодар станциясының қалпына келтіру поезының матаушысы
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу | Павлодар облысы
19.08.2026 |  536
243 549 - 256 139