Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі бас менеджері

594 089 - 614 089 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
18

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Кәсіпорынның ақпараттық жүйелерінің, соның ішінде қаржылық және басқарушылық жүйелердің, серверлік жабдықтардың, деректерді сақтау жүйелерінің және пайдаланушы құрылғыларының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • АТ-жүйелерін пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, өтінімдерге жедел әрекет етуді және ақпараттық жүйелерге өзгерістердің уақтылы енгізілуін бақылау;

  • Кәсіпорынның ақпараттық жүйелеріне, компьютерлік және оргтехникалық жабдықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды жүргізу, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау және есепке алу;

  • Кәсіпорынның ақпараттық және автоматтандырылған жүйелерін баптау мен кезең-кезеңмен пайдалануға енгізу жұмыстарын үйлестіру;

  • Автоматтандырылған және ақпараттық жүйелердің жабдықтарын жөндеуден, жаңғыртудан және реконструкциялаудан кейін қабылдап алуды жүргізу;

  • Кәсіпорынның АТ-инфраструктурасын басқаруға жасалған шарт шеңберінде мердігерлік және аутсорсингтік ұйымдар көрсететін АТ-қызметтерінің сапасы мен толықтығын басқаруды және бақылауды жүзеге асыру;

  • Аутсорсингтік АТ-компаниялардың есептілігін талдау, АТ-инфраструктурадағы іркілістер мен ақаулардың себептерін зерттеу, ақпараттық жүйелердің сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, талап-арыз талаптарының орындалуын бақылау;

  • Аутсорсингтік компаниялар орындайтын деректер базасының архивтік көшірмелерін резервтік көшіру және сақтау бойынша регламенттік процедуралардың орындалуын бақылау;

  • Ақпараттық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге, әкімшілік етуге, енгізуге, бейімдеуге және дамытуға, сондай-ақ АТ департаменті бюджетінің басқа да баптарына байланысты бюджет пен инвестициялық жоспардың орындалуын жоспарлауға және бақылауға қатысу;

  • Кәсіпорынның АТ-инфраструктураны дамыту, цифрлық трансформация бастамалары, қаржылық және басқарушылық жүйелер деректерін автоматтандыру мен интеграциялау жобалары бөлігіндегі стратегиясын әзірлеуге қатысу;

  • Ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердің шаруашылық қызметін өзгермелі нарық шарттарына бейімдеу бөлігінде кәсіпорын стратегиясын әзірлеуге қатысу;

  • Ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді, соның ішінде ERP, ЭҚАЖ (СЭД) және ЖИ (ИИ) ескере отырып, белгіленген қаржылық және бухгалтерлік жүйелер шеңберінде ақпаратты өңдеудің технологиялық схемаларын әзірлеуге қатысу;

  • Ақпараттық, өндірістік, қаржылық, бухгалтерлік және басқарушылық компоненттер сияқты жүйенің жекелеген элементтері үшін шешімдерді стандарттау мүмкіндіктерін анықтау, оларды қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Басқа кәсіпорындарда қолданылатын қаржылық және бухгалтерлік процестерді автоматтандырылған басқарудың озық тәжірибелерін талдау және енгізу;

  • Техникалық тапсырмаларды дайындауды ұйымдастыру, АТ-шешімдері бойынша жобалық құжаттаманы, соның ішінде әзірленетін шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін келісу;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді және автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды және өзге де техникалық құжаттаманы дайындауды ұйымдастыру;

  • Коммерциялық құпия мәртебесі бар ақпаратты қорғау және құпиялылық саясатын сақтау;

  • Серіктестіктің Мінез-құлық кодексі қағидаттарын сақтау;

ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 37001 саласындағы Интеграцияланған менеджмент жүйесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу.

ТАЛАПТАР:

Жоғары білім (технологиялық процестерді және өндірістерді автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, информатика, есептеу техникасы және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар). Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі болу керек.

Лауазымға қойылатын қосымша талаптар:

1) «1С:Кәсіпорын 8.3» платформасын сенімді білу және 1С кірістірілген тілінде әзірлеудің практикалық тәжірибесі; 2) 1С-ты, конфигурация тетіктерін, сұраныстарды, регистрлерді, құжаттарды, есептерді, өңдеулерді және кеңейтімдерді терең білу; 3) 1С-тың сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциясын (REST API, SOAP, HTTP, XML, JSON) әзірлеу және қолдау дағдылары; SQL-ді сенімді білу және Microsoft SQL Server-мен жұмыс істеу дағдылары; 4) Сұраныстарды, бағдарламалық кодты және 1С ақпараттық базаларының өнімділігін оңтайландыру дағдылары; 5) Деректер алмасуды, регламенттік және фондық тапсырмаларды әзірлеу және қолдау дағдылары; 6) Бағдарламалық кодтағы және ақпараттық базалардағы қателерді диагностикалау және жою дағдылары; 7) 1С базасындағы ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру мен олардың архитектурасы қағидаттарын түсіну

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр