Экономист
«KMG EP-Catering» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім
Бюджеттеу және экономикалық талдау тобының экономисі жоғары экономикалық және қаржылық білімге ие болуы және экономикалық жоспарлау саласында мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
- Экономист білуі тиіс:
- кәсіпорынның қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау бойынша жоспарлау мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерді, қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды және өзге де нормативтік актілерді, әдістемелік материалдарды;
- жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды;
- кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық және өндірістік қызметі бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін;
- жоспарлы-есептік құжаттаманы;
- материалдық, еңбек және қаржылық шығындардың нормативтерін әзірлеу тәртібін;
- кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау және есепке алу әдістерін;
- жаңа техника мен технологияны енгізудің, еңбек ұйымдастырудың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістерін;
- шарттар жасасу үшін материалдарды ресімдеу ережелерін;
- жедел және статистикалық есепті ұйымдастыруды;
- белгіленген есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін;
- нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық қызметін ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін;
- экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды;
- өндіріс технологиясының негіздерін;
- шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;
- бюджеттік жоспарлау және консолидация саласында білімге ие болуды;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын;
- ішкі еңбек тәртібінің ережелерін;
- компьютерлік бағдарламалар: Word, Excel, Power Point, Internet Explorer, сондай-ақ 1С-Бухгалтерия бағдарламасын және электрондық құжат айналымын;
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар
- Коммуникативтік дағдылар – қызметкерлермен және басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасау.
- Құпиялылық және жауапкершілік – дербес деректерді қорғау және қызметтік ақпаратты сақтау талаптарын орындау.
- Егжей-тегжейге назар аудару – құжаттарды ресімдеудегі және ақпаратты тексерудегі дәлдік.
- Стресске төзімділік және конфликтік жағдайларды шешу қабілеті – көпміндеттілік жағдайында жұмыс істеу және туындайтын мәселелерді конструктивті түрде шешу.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер
Бюджеттеу және экономикалық талдау тобына жүктелген функцияларға сәйкес экономист осы лауазымда келесі негізгі және функционалдық міндеттерді орындайды:
- Филиалдың шаруашылық қызметіне, оның бөлімшелеріне кешенді экономикалық талдау жүргізеді, өндірістік резервтерді және үнемдеу режимін қамтамасыз ету, Филиалдың өндірістік, қаржылық, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану жөніндегі шараларды анықтайды.
- Филиал бюджетінің бекітілген жоспар шегінде орындалуын есепке алу және бақылауды жүргізеді.
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелері басшыларын бекітілген Филиал бюджетімен қол қою арқылы таныстырады.
- техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша жедел есептерді дайындайды.
- Бюджеттеу және экономикалық талдау тобының басшысының басшылығымен Филиалдың жылдық бюджеті қалыптастыру үшін қажетті есептеулерді орындайды.
- бюджет бойынша орындалуды есепке алады және жоспарлы тапсырмаларды бақылайды.
- статистикалық органға ай сайын және тоқсан сайын статистикалық есептілікті жасау және тапсыру.
- тоқсан, жартыжылдық, қаржылық жыл нәтижелері бойынша Филиалдың шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді.
- бюджеттік жіктеме бойынша есептік деректерді бухгалтерлік есеп деректерімен дайындайды және салыстырады.
- Товариществоға ұсыну үшін қаржы-шаруашылық қызметі бойынша жылдық есепті жинақтап, дайындайды.
- бюджеттеудің автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеу.
- еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді еңбек шартына, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау;
- Филиал мен Товариществоның мүдделеріне адалдық таныту, оның мүдделері мен іскерлік беделіне қаржылық немесе өзге де зиян келтіретін әрекеттер жасамау;
- өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қаржы
Ұқсас вакансиялар
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалдары» филиалының жолаушылар тасымалына қызмет көрсету көпфункционалды орталығы департаментінің халықаралық және басқарушылық есептілік жөніндегі менеджері
Филиал "Пригородные перевозки" | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.08.2026 | 76
от 501 233
Семізбай кенішінің инженер-экономисті (уақытша)
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 183
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы экономика департаментінің кірістерді жоспарлау жөніндегі бас менеджері (16 грейд)
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 140
от 561 449