"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Ақмола филиалының Астана станциясындағы атқыштар командасы жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Серіктестік қызметкерлерінің қатысуымен дене шынықтыру дайындығы (қоян-қолтық ұрыс) бойынша сабақтар, чемпионаттар, спартакиадалар және басқа да жарыстар өткізуді ұйымдастырады;
- Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар өткізу үшін спорттық үй-жайларды жалдау (жалдау шарттары) бойынша сыртқы ұйымдармен шарттар жасасуды қамтамасыз етеді;
- Серіктестіктің орталық аппараты әкімшілік ғимаратының спорт залындағы спорттық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің оларды дұрыс пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
- Оқу-жаттығу жиындарын өткізеді және Серіктестік командаларының «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Халықаралық теміржолшы-спортшылар одағы және басқа да ұйымдар өткізетін спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- Дайындық деңгейін арттыру бойынша түзету іс-шараларын әзірлейді;
- Оқу және әдістемелік материалдарды әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
- Филиалдарды тексеруді (жоспарлы және жоспардан тыс) ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары кәсіби.юриспруденция; құқықтану; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; көлік, көлік техникасы және технологиялары; көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру; дене шынықтыру және спорт.
Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша, оның ішінде құқық қорғау органдарында, күзет ұйымдарында, темір жол көлігі ұйымдарында кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр