Техникалық құжаттама бойынша маман

«Көкшетау ЖЭО» ЖШС Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
37

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Техникалық құжаттаманы (сызбалар, спецификациялар, нұсқаулықтар, стандарттар және т.б.) қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, жедел және архивтік сақтауды жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Құжаттаманы міндетті реквизиттердің бар-жоғына, атаудың дұрыстығына, құжат нөміріне, күніне, ревизиясына және мәртебесіне тексеруді жүзеге асырады.
  • Құжаттарды тіркеуге, таратуға, қарастыруға және келісуге беруге дайындауды орындайды.
  • Белгіленген нысандар бойынша трансмиттальдарды (Transmittal), ілеспе хаттарды және өзге де құжаттарды ресімдейді және тіркейді.
  • Құжаттарды электрондық құжат айналымын басқару жүйелерінде (EDMS/CDE) жүктеуді, орналастыруды, ауыстыруды және архивтеуді жүзеге асырады.
  • Aconex Oracle, MS Office, AutoCAD бағдарламаларында жұмыс істеу.
  • Компанияның құжат айналымы жөніндегі ішкі рәсіміне сәйкес Aconex бағдарламасы арқылы ЕРС құжаттамасын кодтау.
  • Жобалар бойынша барлық қабылдау-тапсыру құжаттамасын қадағалау және қабылдау.
  • Жобалар бойынша ТЭЦ-ті жобалау, жеткізу және құрылыс бөлігінде ЕРС құжаттамасын бақылау.
  • Құрылыс нысанында тікелей жұмыс істеу, бас мердігермен, қосалқы мердігерлермен, авторлық және техникалық қадағалаумен жобалар бойынша құжаттама мен құжат айналымы бөлігінде тікелей байланыс.
  • Жеткізушілермен, негізгі жабдықты өндірушілермен жобалар бойынша құжаттама мен құжат айналымы бөлігінде жұмыс істеу.
  • Мемлекеттік сақтауға берілетін техникалық құжаттарды іріктеуге, құжаттарды сақтауды ұйымдастыруға және құжаттардың құндылығын сараптауға қатысу.
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен басқару жүйелерін (ақпараттық қамтамасыз ету бөлігінде) тапсырмаларды қоюға, жобалауға, пайдалануға және жетілдіруге қатысу, сондай-ақ есептеуіш және микропроцессорлық техника қолдануға негізделген ең жаңа ақпараттық технологияларды (соның ішінде қағазсыз) әзірлеуге, дерекқорлар мен деректер банктерін жобалауға және өзектендіруге қатысу.
  • Құжаттардың өзекті ревизияларының тізілімдерде және электрондық жүйелерде бар-жоғын бақылау.

Талаптар:

  • Білім (деңгей/бейін) Жоғары\орта-арнайы білім тиісті мамандық бойынша
  • Жұмыс тәжірибесі (оның ішінде кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда) кемінде 3 жыл
  • Aconex, Autodesk Construction Cloud, SharePoint, ProjectWise немесе ұқсас жүйелерді білу;

Шарттар:

  • 5/2 кесте, 09:00-18:30;
  • Әлеуметтік пакет, ресми жұмысқа орналастыру.