«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Калкаман (3 класс) станциясы поездарды құрастырушы

264 230 - 278 616
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
17

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.жұмыс басталар алдында мақсатты нұсқама алады, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаманы тіркеу журналына қол қояды және жол берілген қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларымен танысады, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаманы өткізу журналына қол қояды;
2.тасымалды радиобайланыстың, сигналдық жабдықтардың болуын және түзулігін тексереді, жоқ болуы немесе ақаулылық туралы теміржол станциясы бойынша кезекшіге (бұдан әрі - ДСП) және станция бастығына баяндайды;
3.тежегіш табандықтарының болуын, санын (оның ішінде ДСП үй-жайындағы стеллаждағы) және станция жолдарындағы жылжымалы құрамды бекіту сапасын тексереді, тексеру нәтижелері туралы ДСП-ға баяндайды. Станция жолдарындағы тежегіш табандықтарының нөмірленуін салыстырып тексереді;
4.маневрлік локомотив машинисімен радиобайланыс жұмысының сенімділігін тексереді, жұмыс уақытында радиостанция ақаулылығы болған жағдайда - локомотив машинисі мен ДСП-ға алдын ала хабарлай отырып, радиостанцияны ауыстыруды жүргізеді. Радиобайланыстың ақаулылығы кезінде: қажет болған жағдайда поездардың басқа құрастырушысын немесе кезекшіліктен бос ДСП-ны, станция бастығын тарта отырып, локомотив машинисіне берілетін қол, дыбыстық сигналдарға ауысады;
5.вагондарды бекітусіз немесе осы вагондардың тоқтап тұруының болжамды уақытына қарамастан, станцияның ТӨА-сында белгіленген нормадан кем бекітіп қалдыруға жол бермейді, вагондарды құрамға қосымша тіркеген кезде, осының нәтижесінде бұрын салынған тұрақты тежегіш табандықтарды орнатудың дұрыстығының бұзылмағанын тексереді,
6.
жылжығанда барлық вагондардың ілінісіп тұрғанына, тежегіш табандықтарының алынғанына, автотежегіштердің қосылғанына, автотежегіштердің қысқартылған сынауының жүргізілгеніне, жылжу жолында адамдардың болмауына және қозғалыс үшін басқа да кедергілердің болмауына көз жеткізеді;
7.маневрлік жұмыстарды жүргізеді, поездарды құрастырады және таратады, вагондарды поездардан ағытады, оған тіркейді;
8.ДСП нұсқауы бойынша тежегіш табандықтарын орнатады және алып тастайды, оның ішінде станцияның ТӨА-сына және оған қосымшаларға сәйкес ДНЦ бұйрығы негізінде қосымша бекітуге;
9.тиеу түсіру алаңдары бойынша вагондарды орналастыра отырып, кірме жолға/жолдан вагондарды беруді және жинауды, сондай-ақ станцияның тиеу-түсіру жолына вагондарды беруді және жинауды жүзеге асырады;
10.басқа станцияға ауысқан кезде учаске станцияларында маневрлік жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, маневрлік жұмыстың ерекшеліктерімен, станцияның ТӨА-сымен және олардың қосымшаларымен, кірме жолдар мен қосымшаларға қызмет көрсету тәртібі туралы нұсқаулықпен танысады, жұмыс басталар алдында станцияның жоғарыда аталған жұмыстарының кезекшісінде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамадан өтеді;

Біліктілік талаптары:

  1. Білімі: орта және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
  2. Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру