АҚ "ҚазТрансОйл" Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бас механигі қызметінің жетекеші инженер
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- басқарудың механикалық-технологиялық жабдығының үздіксіз және техникалық дұрыс пайдаланылуын және апатсыз, сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оның ауысымдылығын арттыру, талап етілетін деңгейде жұмысқа қабілетті күйде ұстау; механикалық-технологиялық жабдықты уақтылы сапалы жөндеуді және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, оны жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу және жабдықты жөндеу қызметінің үнемділігін арттыру;
- жоспарлы-сақтандыру жөндеуі жүйесінің ережелеріне сәйкес жабдықты тексеру, сынау және сақтандыру жөндеуінің жоспарларын (кестелерін) әзірлеуді ұйымдастыру, бұл жоспарларды бекіту және олардың орындалуын бақылау, өндірістің техникалық дайындығын қамтамасыз ету;
- жабдықтың болуын және қозғалысын есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, техникалық және есептік құжаттаманы құру және ресімдеу; жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеу үшін қажетті материалдарды, қосалқы бөлшектерді, құралдарды алуға өтінімдер дайындауды ұйымдастыру, жабдыққа паспорттар, қосалқы бөлшектерге ерекшеліктер және өзге де техникалық құжаттамалар жасау;
- жабдықтың жөндеуі, жөндеу-пайдалану мұқтаждықтарына материалдардың шығыны бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу, оны пайдалану көрсеткіштерін талдау, жабдықты пайдалануға қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді алуға өтінімдерді ресімдеп, жөндеу жүргізуге сметаларды құру;
- жөндеу аралық қызмет көрсетуді, жабдықты дер кезінде және сапалы жөндеу мен жетілдіруді, оның сенімді және ұзақ жұмыс істеуін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарын орындауға қолданылатын материалдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- өндірістік негізгі құралдарды түгендеуді ұйымдастыру, күрделі жөндеуді қажет ететін ескірген жабдықты, объектілерді анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізудің ретін белгілеу; механикалық-технологиялық жабдықтардың барлық түрлерін, сондай-ақ амортизациялық мерзімі өткен және моральдық ескірген жабдықтарды есепке алуды, оларды есептен шығаруға құжаттар дайындауды ұйымдастыру;
- жабдықтың, жеке тораптары мен бөлшектерінің жұмысын зерделеу, жабдықтың жоспардан тыс тоқтауының алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, тораптар мен бөлшектердің қызмет ету мерзімін, жөндеу аралық кезеңдерді ұзарту, жабдықтың сақталуын жақсарту, пайдаланғанда оның сенімділігін арттыру, арнаулы жөндеуді, қосалқы бөлшектерді, тораптарды және ауысым жабдығының дайындалуын орталықтандыруды ұйымдастыру; жабдықтың техникалық жай-күйіне байланысты тоқтап қалудың себептері мен ұзақтығына талдауды жүзеге асыру; жаңа жабдықты қабылдауға және орнатуға, жұмыс орындарын аттестаттау және рационализациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, тиімділігі аз жабдықты өнімділігі жоғары жабдықты жаңғыртуға және ауыстыруға қатысу;
- жабдықтың тез тозу, оның тұрып қалу себептерін зерделеуге, апаттарды тексеруге, оларды жою және сақтандыру бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу; тетіктердің тораптары мен бөлшектерін жөндеудің және қалпына келтірудің озық әдістерін, сондай-ақ жабдықтың қызмет ету мерзімін ұлғайту, оның тұрып қалуын қысқарту және ауысымдылығын арттыру, апаттар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жөндеудің еңбек сыйымдылығы мен өзіндік құнын төмендету, оның сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу; Жабдықты жөндеуге және жаңғыртуға қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарау, олар бойынша қорытынды беру, қабылданған ұсыныстарды;
- жабдықты бөлшектеу бойынша жұмыс сапасын және қоймада дұрыс сақталуын бақылау; жабдықтарды жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыстардың орындалуын есепке алуды ұйымдастыру, олардың сапасын, сондай-ақ осы мақсаттарға жіберілген материалдық ресурстардың дұрыс жұмсалуын бақылау.
Талаптар:
- вкадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (направление механо-техникалық бағыты, инженер-механик)
-
еңбек өтілі 5 (бес) жылдан
Шарттар:
- Мед страховка
- Ұжымдық шарт
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)