Электрогазбен дәнекерлеуші ЛПДС «Бейнеу»

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
433

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) әртүрлі күрделіліктегі аппараттарды, бөлшектерді, тораптарды, конструкцияларды және құбыр желілерін әртүрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалардан; сондай-ақ динамикалық және діріл жүктемелері астында және қысым кезінде жұмыс істеуге арналған көміртекті болаттардан жасалған тораптардың, конструкциялардың және құбыр желілерінің күрделі бөлшектерін барлық кеңістіктік қалыптарда қолмен доғалық, газдық дәнекерлеу;

    2) күрделі жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды қолмен доғалық және плазмалық дәнекерлеу;

    3) әртүрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған күрделі бөлшектерді қолмен таңбалау бойынша оттегілік тікелей және көлденең кесу, дәнекерлеуге арналған жиектерді өңдеумен (ажарлаумен), соның ішінде әртүрлі болаттар мен қорытпалардан жасалған арнайы флюстерді қолдана отырып;

    4) әртүрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған орташа күрделіліктегі және күрделі аппараттарды, тораптарды, конструкцияларды және құбыр желілерін автоматты және механикаландырылған дәнекерлеу; динамикалық және діріл жүктемелері астында күрделі жағдайларда жұмыс істейтін жауапты құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты дәнекерлеу;

    5) ауыр жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды механикаландырылған дәнекерлеу;

    6) әртүрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған күрделі бөлшектерді әртүрлі қалыптарда қолмен электр доғалық ауа арқылы қырнау (строгание);

    7) блоктық орындалымдағы конструкцияларды барлық кеңістіктік қалыптарда дәнекерлеу тігісінің қалыптарында дәнекерлеу, сондай-ақ дәнекерлеуге қолжетімділігі қиын жерлері бар жұқа қабырғалы бұйымдарда және бұйымдарда жарықшақтар мен қуыстарды дәнекерлеу және қаптау (наплавка);

    8) күрделі конструкцияларды ыстықтай түзету, дәнекерлеуден кейін газ оттығы арқылы дәнекерленген түйіспелерді термиялық өңдеу; әртүрлі күрделіліктегі дәнекерленген кеңістіктік металконструкциялардың сызбаларын оқу;

    9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын орындау; Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және орындау;

Талаптар:

  • Орта білім, кәсіби даярлық

Шарттар:

  • Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты кандидаттар болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің кандидаттары қарастырылады.