"Қазпошта" АҚ Заң департаменті бас менеджер
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. Құқықтық сүйемелдеу саласындағы қызмет шеңберінде:1) Қоғам қызметінің бағыттары бойынша жаңа жобаларды құқықтық сүйемелдеу;
2) департаменттің ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) жобаларын әзірлеу, оларды есепке алу және өзектендірілген күйде ұстау;
3) Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің ІНҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау және келісу;
4) Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша сұрау салулары бойынша заңды қорытындылар беру;
5) Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық сипаттағы ұсынымдар дайындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау мен мониторингті жүзеге асыру және жаңа құқықтық актілердің қабылданғаны туралы және/немесе қолда барын өзектендіру туралы хабардар ету;
6) Қоғам Басқармасы шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама;
7) Қоғам Жарғысының түпнұсқаларын, оған өзгерістер мен толықтыруларды; белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензияларды; бағалы қағаздар шығару проспектісін сақтау;
8) Қоғамның қызметі мәселелері бойынша, оның ішінде Қоғамның қызметін регламенттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу;
9) Қоғам қызметіне қатысты құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
10) қоғамның филиалдарын, өкілдіктерін, еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдарын (бұдан әрі - ЕТҰ) құру және тарату мәселелерін келісу;
11) қоғамның қызметін, оның ішінде басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ішкі тексерулерді жүргізу/оған қатысу және тексеру қорытындылары бойынша құқықтық қорытынды дайындау;
12) Департамент жетекшілік ететін шығыстардың баптары бойынша бюджетті жоспарлау;
13) Департаменттің қызметіне қатысты бөлігінде корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты Қоғамның акционерлері мен инвесторларының назарына жеткізуге қатысу;
14) қоғамның акцияларын шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркеу;
15) қоғамның алқалы жұмыс органдарының құрамына қатысу (тұрақты және уақытша).
2. Жалғыз акционермен өзара іс-қимыл міндетін орындау үшін Директорлар кеңесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бекітілуі қоғам органдарының құзыретіне жататын Директорлар кеңесі шешімдерінің, Жалғыз акционердің, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына, жасалуы қоғам органдарының шешімдерін талап ететін мәмілелер жөніндегі шарттардың жобаларына, Директорлар кеңесінің төрағасы Қоғамның атынан қол қоятын шарттарға, Жалғыз акционерге жүгіну жобаларына құқықтық сараптама;
2) Осы Ережеде көрсетілген Департаменттің құзыреті мен функциялары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында көзделген тәртіппен Жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды ұсыну;
3) Департамент жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қоғамның жылдық есебін қалыптастыру үшін ұсынылатын ақпараттың уақтылы және тиісті сапасын қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органдарда, заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынаста қоғамның мүдделерін білдіру міндетін орындау үшін функцияларды жүзеге асырады:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарды тексеру кезінде қоғамның мүдделерін қорғауды құқықтық сүйемелдеу;
2) Құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалармен қатынастарда қоғам мүдделерін білдіру;
3) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау немесе дайындауға қатысу.
4. Қоғам филиалдарының заң бөлімшелерімен, ЕТҰ, кәсіподақтармен, сондай-ақ Қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, семинарларға қатысу, Департамент және Қоғам филиалдарының заң бөлімшелері қызметкерлерінің тағылымдамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;
2) Салалық келісімді, кәсіподақтармен ұжымдық шартты әзірлеуге/келісуге қатысу;
3) ЕТҰ құрылтай құжаттарының жобаларын сараптау;
4) ЕТҰ-ға қатысты мәселелер бойынша оның құзыретіне сәйкес қорытынды беру.
Талаптар:
- Бейіні бойынша жоғары білім: Құқықтану.
- Құқықтану саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Шарттары:
-
Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
Астана
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің шешімдер шығару жөніндегі топ менеджері (14 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Қызметкер болмаған кезде
| Астана қ.
21.08.2026 | 63
от 415 248
Бас заңгер
QSamruk.kz | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтау қ.
02.08.2026 | 1481
Құқықтық қамтамасыз ету қызметінің заңгері
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
28.07.2026 | 1069