«ҚазТрансОйл» АҚ Оқу орталығы бизнесті қолдау секторының жетекші бухгалтері (Ақтау қ.)
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.Міндеттері:
1) басқарушылық есептілік жүйесі жобасын іске асыру аясында шаруашылық операцияларын құжаттармен сапалы ресімдеуді, оларды бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетуді, сондай-ақ есепті кезеңді жабуды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттаманың талаптарын орындау; ХҚЕС-қа сәйкес негізгі құрал мен бейматериалдық активтің, негізгі құрал объектілері бойынша кейінгі шығынды бөлу, есепке алу есебін, тауарлық-материалдық қор, өндіріс шығын, қызметкерлермен еңбекақы бойынша есептесудің бухгалтерлік есебін сапалы жүргізу; «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі, «Банк-Клиент» модулінде төлемді аудару бойынша банк операцияларын орындау, Оқу орталығының (ОО) ағымдағы шотындағы ақша қаражатының қозғалысын көрсету;
3) Қазақстан Республикасының төлем және төлем жүйелері туралы заңнамасының, ҚР банктік және валюталық заңнамасының талаптарын, ішкі нормативтік құжаттама талаптарын сақтау;
4) ХҚЕС-қа сәйкес есептілікті дайындау, аудиторлық нысандардың толық пакетін Қоғамның бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне уақытылы әрі сапалы ұсыну;
5) негізгі құралды есептен шығару кезінде оларды тексеру және жою процестеріне қатысу, негізгі құралды, бейматериалдық активті, аяқталмаған күрделі құрылысты, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақша қаражатын және т.б. түгендеу (инвентаризациялау) барысын бақылау, түгендеу нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету;
6) бастапқы құжаттарды өңдеу (шот-фактураларда, өндірістік есептерде және т.б. құжаттарда шығын кодын, ШЖО-ны, тарифтік смета белгісін, тапсырыс нөмірін көрсету). Бөлімшелер ұсынған деректер негізінде оқу орталығының (ОО) бюджет жобасын жасақтау және әзірлеу; операциялық бюджетті жүргізу; күнделікті шығын бойынша бюджетті түзету мәліметтерін жинау және жүйелеу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына статистикалық есептілікті әзірлеу және тапсыру;
- «Еңбекақы қоры» бюджет бабының орындалуы бойынша есептілікті және тарифтік смета бойынша есептілікті әзірлеу;
- салық салу объектілерінің және/немесе салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша оқу орталығының (ОО) көлік құралы салығы (КҚС), жер салығы (ЖС), мүлік салығы (МС), жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (ЖУПТ), қоршаған ортаға кері әсер еткені үшін төлемақы (ҚОКӘТ) бойынша салықтық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету. Көлік, мүлік, жер салықтары, жерді пайдаланғаны және қоршаған ортаға кері әсер еткені үшін төлем бойынша салықтық регистрлерін жүйелеу.
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауды және корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар/жарналар, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есебінің сапалы әрі дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-ға уақтылы төлеу;
11) шот-фактуралардың ресімделуін салық заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру, Қоғамның есепке алу жүйесінде ҚҚС есептеу бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру және көрсету. Акцизделетін тауарларды орын ауыстыру кезінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) уақтылы ресімделуін қамтамасыз ету, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде ТІЖ-дің уақтылы расталуын ТІЖ журналы арқылы тексеру;
12) тікелей басшы жүктеген өзге де міндеттерді және Қоғамның ішкі құжаттарын жүзеге асыру.
Талаптар:
1. тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім және мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
2. ҚР кәсіби бухгалтері сертификаты;
3. бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы халықаралық кәсіби сертификаттардың (ACCA, DipIFR немесе соған ұқсас) болғаны жөн.
Шарттары:
Зиянды факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайлары.
5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын рәсімдеу.
Медициналық сақтандыру.
Оқу және кәсіби даму.
Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет.
Кәсіби ұжым.
Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, 130002, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 10-үй
Қажетті қабілеттер
- Опыт работы с системой SAP
- профессиональные навыки в области бухгалтерского учета
- владение программным обеспечением Microsoft Office
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Бухгалтерлік есеп
Ұқсас вакансиялар