Теңіз бұрғылау қондырғысындағы КИПиА инженері
KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Міндеттері:
• өлшеу-сынау аспаптары мен автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, диагностика жасау, баптау, калибрлеу және жөндеу;• қысым, температура, деңгей, шығын датчиктеріне және өзге де өлшеу құралдарына қызмет көрсету;
• реттейтін клапандар, соленоидты клапандар, жетектер және позиционерлер сияқты атқарушы механизмдерді диагностикалау және қызмет көрсету;
• ABB, PLC, HMI, SCADA және жабдықты жергілікті басқарудың жүйелеріне қызмет көрсету және диагностика жасау;
• басқару және автоматтандыру тізбектеріндегі ақауларды іздеу және жою;
• 4–20 mA сигналдарын, дискретті және аналогтық кіріс/шығыс сигналдарын тексеру, бақылау және сигнал беру тізбектерін бақылау;
• loop check жүргізу, басқару жүйелерінің функционалдық сынақтары мен тексерулерін орындау;
• авариялық дабыл беру және технологиялық қорғаныс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен диагностикалауға қатысу;
• Fire & Gas жүйелерімен, газоанализаторлармен және өрт пен газды анықтау жүйелерімен жұмыс тәжірибесі;
• ESD / Emergency Shutdown жүйелерін сынауға қатысу және авариялық блокировкалар логикасын тексеру;
• өндірушілердің талаптарына және Компанияның техникалық қызмет көрсету жүйесіне сәйкес жабдыққа жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету;
• жабдық ақауларын анықтау, қажетті қосалқы бөлшектерді белгілеу және техникалық өтінімдерді дайындау;
• орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманы, есептерді, ақаулық ведомостарын және жабдыққа қызмет көрсету тарихын жүргізу;
• кешенді ақауларды диагностикалау кезінде электротехникалық, механикалық және өндірістік персоналмен өзара әрекеттесу;
Талаптар:
Білім:
«Автоматтандыру және басқару», «Прибор жасау», «Электр энергетикасы», «Электротехника» мамандығы немесе өзге де сабақтас техникалық мамандық бойынша жоғары кәсіби (инженерлік-техникалық) білім.
Біліктілік және Жұмыс тәжірибесі:
-
- мұнай-газ, бұрғылау, энергетикалық немесе өзге де өнеркәсіп саласында контрольно-өлшеу аспаптары мен автоматика (ҚИА) бойынша жұмыс өтілі — кемінде 7 жыл;
- технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің ҚИА және автоматика жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу тәжірибесі;
- бұрғылау қондырғыларының жабдығымен жұмыс тәжірибесі, теңіз бұрғылау қондырғылары / СПБУ-мен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарын, халықаралық стандарттарды және электротехникалық жабдықты, ҚИА және автоматтандыру жүйелерін пайдалану бөлігіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу;
- электрлік сызбаларды, автоматтандыру сызбаларын, P&ID, loop diagrams, wiring diagrams, cause & effect diagrams және жабдық өндірушілерінің техникалық құжаттамасын оқу мен талдау тәжірибесі.
- ABB жиілік түрлендіргіштерін диагностикалау, баптау және техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық тәжірибе, оның ішінде ACS880 сериясы — артықшылық;
- еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігі бойынша талаптарды білу және сақтау;
- жеке компьютерде жұмыс істеу дағдылары, соның ішінде Microsoft Office;
- техникалық құжаттаманы оқу және шетелдік мамандармен өзара әрекеттесу үшін жеткілікті деңгейде ағылшын тілін білу (B1-ден төмен емес).
Шарттар:
- 28/28 вахталық әдіс
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру.
Қажетті қабілеттер
- знание КИПиА
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)