БӨП СОБ электр механигі

347 984 - 368 664
Защитинская дистанция сигнализации и связи Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
30

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.Электромонтерлардың аппаратураларды жөндеу бойынша технологиялық шарттарын сақтауына және аппаратураларды жөндеу технологиясын қадағалайды;
2.Құралдарды жіберу және қабылдау барысына қатысады;
3.Прогрессивті технологияны және еңбектің алдыңғы қатарлы әдістерін енгізумен айналысады;
4.Жұмыс орнын таза және тәртіпте ұстайды, сонымен қатар цехта және дистанция территориясында тазалық сақтайды; тек өзінің міндеттеріне кіретін немесе  басшылар берген жұмыстарды ғана атқарады; өзінің жұмыс орнында қорғаныс құралдарының, құрал-маймандардың, өрт сөндіру құралдарының және еңбекті қорғау бойынша құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді; жұмыстарды орындау барысында өзімен еңбекті қорғау бойынша куәлігі мен электрқауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы берілген куәлігі болуы керек;
5.Рационализаторларға теориялық және практикалық көмек көрсетеді және өзі рационализаторлық іс-шараларға белсенді қатысад;
6.оның пайдалануындағы мүліктерді ұқыпты ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар басқа жұмысшылардың мүліктеріне ұқыпты қарау;

Біліктілік талаптары:

1.Білімі: арнайы орта және арнайы дайындық курсы.

  1. Мамандығы: Автоматизация және басқару: Радиотехника, электроника және телекоммуникация.
  2. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: орта техникалық немесе арнайы білімімен – еңбек өтілі талап етілмейді
  3. Білімді растаусыз – БӨП СОБ электр монтері 2 жылдан кем емес еңбек өтілімен.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж