«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы жол және құрылыстар департаментінің ИССО өндіру және ұстау жөніндегі менеджері (15 грейд)

от 482 846
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
22

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қызметкерлерді темір жол көлігімен жеткізу жөніндегі қызметтер шығыстары жоспарының орындалуын бақылауды және жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сатып алу рәсімдерін жүргізуге өтінімдер дайындайды;
  • пойыздардың тартымына отын-энергетикалық ресурстардың өндірістік емес ысыраптарын азайту жөніндегі іс-шаралардың жобасын әзірлеу және бекіту, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • РСП-мен бірлесіп ПРСМ машиналарының, балқыту колонкаларының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
  • Департамент жетекшілік ететін жолаушылар, қала маңындағы және жүк поездарының жол қашықтығын кідірту ДО-12 сәйкес есептілікті жүргізу;
  • түйіспесіз жолды ұстауды қамтамасыз етуді және есептік температуралық интервалда бекітуді, оларды күтіп ұстау және пайдалану режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, конструкцияны жетілдіру және ағымдағы қызмет көрсету есебінен жолдың сенімділігін арттыруды бақылайды;
  • түйіспесіз жолдың рельсті бунақтарын қалпына келтіру және дәнекерлеу жоспарларының орындалуын бақылайды;
  • «Көліктік сервис орталығы» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Вагон Сервис» АҚ және Компанияның ағымдағы ұстау және жолдарды жөндеу жөніндегі тобына кіретін басқа да ұйымдардың шарттарды уақтылы жасасуы бойынша тиісті рәсімдерді жүргізуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің, Компанияның және Дирекцияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес, функционалдық бағыттың құзыреті аясында бизнес-жоспарларды әзірлейді және келіседі, оларға негіздемелік материалдарды жинауды жүзеге асырады;
  • түйіспесіз жолдың рельсті бунақтарын және блок-учаскеге немесе аралыққа дейінгі ұзындығы бунақтары бар жолдарды күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу жөніндегі жұмысты талдайды;
  • бөлімдерден жолаушылар поездарын кідірту бойынша талдаулардың ай сайынғы материалдарын жинауды жүзеге асыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол құрылысы; Көпірлер мен көлік туннельдері); Тасымалдау, көліктік техника және технологиялар; Көтеру және көлік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы автоматика, телемеханика және телекоммуникация Департаментінің байланыс жөніндегі менеджері (15 грейд)
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
02.09.2026 |  336
от 482 846
Акмолинское отделение магистральной сети
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі» баспасөз қызметінің бас маманы (Астана станциясының орналасқан жері)
Акмолинское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
02.09.2026 |  732
441 859 - 457 395
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы
«ҚТЖ» ҰК»АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы»филиалының жылжымалы құрам және механикаландыру департаментінің машиналары мен механизмдерін жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша менеджері (15 грейд)
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
02.09.2026 |  31
от 482 846