Негізгі маман Транзакциялық жүйелерді сүйемелдеу бөлімі (уақытша)
«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- - КҚЖ модульдерін сүйемелдеу/теңшеу және КҚЖ функционалының жұмысқа қабілетті күйін қамтамасыз ету;
- ақпаратты/сұраныстарды жинақтау және талдау, туындайтын проблемалардың себептерін жою және шешу бойынша ұсыныстар дайындау;
- КҚЖ-дың жаңа модульдерін және қолданыстағы функционалға өзгерістерді тестілеу және енгізу;
- КҚЖ-мен интеграцияланған жүйелерді тестілеуге және енгізуге қатысу (мобильді терминалдар, өзін-өзі қызмет көрсету жүйелері, Қоғамның басқа АЖ және КҚЖ-мен интеграцияланған өзге де жүйелер);
- КҚЖ пайдаланушыларына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
- КҚЖ техникалық қолдау көрсететін компаниямен өзара іс-қимыл жасау: КҚЖ-дың жаңа/қолданыстағы функционалға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша және КҚЖ-дың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық қолдау алу;
- есептіліктің жаңа нысандарын құру және қолданыстағы нысандарын СП ОА және Қоғам филиалдарының сұраныстарына сәйкес жетілдіру;
- басшылықтың талап етуіне қарай орындалған жұмыс туралы есепті дайындау және тапсыру;
- «Қоғамның IT қызметтер каталогына» сәйкес ITSM жүйесінде регламенттелген уақытта корпоративтік ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен өтінімдерді/сұраныстарды/инциденттерді талдау, өңдеу және сапалы әрі уақтылы орындау;
- «Қоғамның IT қызметтер каталогына» сәйкес корпоративтік ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен сұраныстардың орындалуын белгіленген мерзімдерде бақылау;
- «Қоғамның IT қызметтер каталогына» сәйкес ITSM жүйесінде регламенттелген уақытта Service Desk арқылы пайдаланушылардың өтінімдері бойынша корпоративтік ақпараттық жүйелерге консультациялық қолдау көрсету;
- «Қоғамның IT қызметтер каталогына» сәйкес ITSM жүйесінде регламенттелген уақытта Service Desk арқылы пайдаланушылардың өтінімдері бойынша корпоративтік ақпараттық жүйелерге техникалық қолдау көрсету және сүйемелдеу;
- бөлімше құзыреті шеңберінде Білімдер базасын құру және оны өзекті күйде ұстап тұру процесіне қатысу;
- Білімдер базасына орналастыру үшін материалдар ұсыну;
- өз бөлімшесінің/тобының жауапкершілігіне немесе оның жеке жауапкершілігіне түскен проблемаларды шешуге қатысады;
- проблемаларды шешу рәсіміне тікелей қатысу;
- проблемалардың белгіленген мерзімдерде шешілуін бақылау;
- проблемаларды шешу нәтижелерін (оның ішінде айналып өтетін/уақытша шешімдерді) Ақпараттық технологиялардағы проблемаларды басқару қағидаларына сәйкес келісуді бақылау;
- тікелей басшысының, Басқарма бастығының, филиал директорының/директордың орынбасарының тапсырмаларын көрсетілген мерзімдерде орындау (егер мерзім анықталмаса, онда Қоғамның іс жүргізуін реттейтін ережелер мен регламенттік құжаттарда сипатталған мерзімдерге сәйкес).
Талаптар:
- Профиль бойынша жоғары және/немесе орта арнаулы білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе гуманитарлық ғылымдар.
- Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Шарттар:
- Стандартты 40 сағаттық жұмыс аптасы: 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Ұқсас вакансиялар
Әзірлеушілер тобының бас маманы
«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.08.2026 | 548
Әзірлеушілер тобының менеджері
«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
21.08.2026 | 1043
Цифрлық шешімдер департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
25.08.2026 | 62