Радиациялық қауіпсіздік менеджері
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
Серіктестікте радиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылау, соның ішінде мыналарды бақылау: Серіктестік шығаратын дайын өнімге қатысты радиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын; бөлімшелердің радиациялық қауіпсіздік қағидалары мен нұсқаулықтарын сақтауын; ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен және иондаушы сәулеленудің басқа да көздерімен қауіпсіз жұмыс жағдайларының қамтамасыз етілуін; радиоактивті қалдықтарды көму, орналастыру жөніндегі жұмыстарды және ластанған жабдықтарды, материалдарды, қалдықтар мен көлік құралдарын шығыс бақылаудан өткізуді; ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және иондаушы сәулеленудің басқа да көздерін есепке алу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды есепке алу және сақтау жай-күйін. Радиациялық бақылаудың жоспар-графигінің орындалуын талдау; Радиациялық қорғаныстың тиімділігін, РҚ (радиациялық қауіпсіздік) бойынша сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Cameco» радиациялық қауіпсіздік бағдарламасына және РҚ саласындағы озық өнеркәсіптік практикаға сәйкестігін бақылау; Радиациялық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру; Персоналды, жұмыс орындарын және қоршаған ортаны радиациялық мониторингтеудің тиімділігі мен шынайылығын бақылау; Персоналды радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігін бақылау; Радиациялық қауіпсіздікке байланысты ішкі қағидалар мен рәсімдерді әзірлеу және жаңартып отыру; Ішкі талаптарға және мемлекеттік органдардың, акционерлердің талаптарына сәйкес РҚ мәселелері бойынша мерзімді және статистикалық есептердің ұсынылуын қамтамасыз ету; Иондаушы сәулелену көздері мен радиоактивті қалдықтарға түгендеу (инвентаризация) жүргізілуін бақылау; Авариялық-құтқару жасағының оқу-жаттығуларына және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу; Авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруде жоғары тұрған басшылыққа жәрдемдесу; Уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; Радиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтау және жою мақсатында жұмыс орындарына тұрақты түрде (аптасына кемінде бір рет) тексеру жүргізу және есептерді ресімдеу; Қажет болған жағдайда, ҚР қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін сақтай отырып, қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеу, қойылған міндеттерді іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында сыртқы ұйымдармен шарттар жасасуға бастамашылық жасау және ТЖҚ жеткізушілерінің жұмыстарды орындауын бақылау; Қажет болған жағдайда, Серіктестіктің тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін алқалы органдарына қатысу; Бағынысты қызметкерлерді жұмыс берушінің актілерімен және Серіктестіктің өзге де құжаттарымен уақтылы таныстыру; Қойылған міндеттерді, еңбек міндеттерін еңбек, ұжымдық шарттарға, осы лауазымдық нұсқаулыққа, жұмыс берушінің актілеріне және Серіктестіктің өзге де бақыланатын құжаттарына сәйкес адал, уақтылы және сапалы орындау (оларды толық көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда немесе сұрақтар туындаған кезде қызметкер тікелей басшысына хабарлауға және қажет болған жағдайда міндеттерді, тапсырмаларды және т.б. орындау мерзімін ұзартуға тиіс); Еңбек шарты бұзылған/тоқтатылған кезде Серіктестікке тиесілі құжаттарды, материалдарды және басқа да мүлікті белгіленген тәртіппен және еңбек шартының талаптарына сәйкес беру (қажет болған жағдайда); Еңбек демалысына, вахтааралық демалысқа шығар алдында, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылатын алдында және т.б., орындалудағы істерді және/немесе материалдарды QMS-00-00-01 нысаны бойынша ауысымдық қызметкерге немесе ауысымды алмастыратын қызметкерге, не тікелей басшыға беру; Қолданыстағы шарттардың талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісінше бақылау (бар болса); PRG-COM-02 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулықтың» талаптары мен ережелерін сақтау; PP-COM-01 «Іскерлік әдеп саласындағы саясаттың» және REG-COM-05 «Мінез-құлық және іскерлік әдеп кодексінің» талаптары мен ережелерін сақтау; RM-02 «"Инкай" БК» ЖШС-нің тәуекел-аппетитін және негізгі тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін анықтау және мониторингтеу», RM-01 «"Инкай" БК» ЖШС-нің негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және мониторингтеу» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «"Инкай" БК» ЖШС-нің тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және тәуекелдерді басқару әдістерін анықтау қағидалары» ережесінің және PP-RM-01 «"Инкай" БК» ЖШС-нің тәуекелдерді басқару саясатының» талаптарын сақтау (қызметкер тәуекелдердің иесі болған жағдайда); Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерін Серіктестіктің тиісті бизнес-процестеріне, шешімдер қабылдау процесіне және Серіктестіктің басқарушылық есептілігіне интеграциялау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. Тәуекелдер деңгейін немесе олардың іске асырылу салдарларын азайту мақсатында бизнес-процестерді оңтайландыру; Дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы кез келген ақпаратқа қатысты Серіктестіктің Бас директорын және/немесе Комплаенс жөніндегі офицерін ақпараттандыру және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Жедел желісіне» жүгіну; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Комплаенс жөніндегі офицерді ақпараттандыру (соның ішінде келіп түсетін хат-хабарларды қоса алғанда) және қызметтік тергеп-тексерулер туралы ақпарат пен осындай тергеп-тексерулердің нәтижелері бар болған жағдайда, оларды ұсыну.Білім:
Физика саласындағы жоғары бейінді білім немесе жоғары техникалық білімДағдылар:
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және электр қауіпсіздігі ережелерін; Еңбек мәдениеті мен қызметтік әдепті; Уран өнеркәсібіндегі АЭХА (МАГАТЭ), РҚХК (ICRP – Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық комиссия) мақұлдаған радиациялық қауіпсіздіктің озық әдістерін және басқа да халықаралық стандарттарды; Ішкі ережелерді, рәсімдерді, нұсқаулықтарды, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларын және жұмыс берушінің басқа да актілерін.Қосымша:
Серіктестіктің мақсатын, стратегиясын, миссиясын, пайымы мен даму перспективаларын білуі; Серіктестіктің ішкі ережелерін, рәсімдерін, нұсқаулықтары мен ережелерін (немесе қағидаларын) білуі; Радиациялық қауіпсіздік саласында білім алғаны туралы куәліктің немесе сертификаттың болуы.Білетін тілдер:
Қазақ тілін білуі (жазбаша және ауызша) – міндетті; Орыс тілін білуі (жазбаша және ауызша) – міндетті; Ағылшын тілін білуі – қалаулы.Ұқсас вакансиялар
"Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС ӘТЖК Ақмола филиалының Астана станциясында атқыштар командасы техникалық шешімдерді енгізу бойынша функционалдық бағыттың менеджері
Акмолинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.08.2026 | 273
от 465 931
Өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі менеджер
«СКЗ-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Жаңақорған а.
26.08.2026 | 388
Жол жөндеуші
Жана-Есильская дистанция пути (ПЧ-14) | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақмола облысы
26.08.2026 | 723
269 628 - 278 616