Экономика және жоспарлау департаментінің еншілес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша функционалдық бағытының бас менеджері (18 грейд)
Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттері:
- Жетекшілік ететін еншілес ұйымдардың және сенімгерлік басқарудағы ұйымдардың бюджеттерін (1 жылға) және Даму жоспарларын (5 жылға) қалыптастыру және түзету: өзіндік құнға жатқызылған кірістер, шығыстар жоспарларының, жетекшілік ететін ұйымдардың әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстарының экономикалық есептеулерінің негізділігін тексеру, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтер деңгейінің өзгеруін талдау;
- Жетекшілік ететін еншілес ұйымдар мен сенімгерлік басқарудағы ұйымдардың бюджеттердің және даму жоспарларының атқарылу мониторингі: жетекшілік ететін ұйымдардың бекітілген кірістер, өзіндік құн, әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстар жоспарларын орындау мониторингі, "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның жергілікті актілерінде белгіленген нысандар бойынша есептерді қабылдау;
- Ақпараттық анықтамалар, есептер дайындау - жетекшілік ететін ұйымдардың қызметіне қатысты және Департаменттің міндеттерін орындауға байланысты жетекшілік ететін ұйымдардың Директорлар кеңестерінің (Байқау кеңестерінің) қарауына ұсынылатын мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының темір жолы арқылы жүктерді тасымалдауға арнайы тарифтік шарттарды белгілеу, темір жол тасымалдарының өзіндік құнын есептеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Қазақстан Республикасының темір жолы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған арнайы тарифтік шарттарды белгілеуге экономикалық сараптама;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ Бюджет комитетінің отырыстарын ұйымдастыру; «ҚТЖ «ҰК» АҚ Бюджет комитетінің отырыстарына жетекшілік ететін ұйымдар бойынша бюджетті қалыптастыруды және/немесе түзетуді бекіту, «ҚТЖ «ҰК» АҚ бюджетінің атқарылу қорытындыларын және бизнес-жоспарын қарау мәселелері бойынша қажетті құжаттар пакетін дайындау;
- «ҚТЖ «ҰК» АҚ процестерін реинжинирингтеу жөніндегі жобалар шеңберінде жұмыс жүргізу - «ҚТЖ «ҰК» АҚ процестерін реинжинирингтеу жөніндегі жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығын талдау;
- Білімі: Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік.
- Мамандығы: Экономика, «Қаржы», «Есеп және аудит», «Менеджмент»; «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау», «Статистика».
- Жұмыс тәжірибесі: Қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
"Кедентранссервис" АҚ терминалдық және қайта тиеу қызметтері бойынша клиенттерге қызмет көрсету департаментінің 1-деңгейдегі бас менеджері (18 грейд)
АО «Кедентранссервис» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.09.2026 | 141
Жалақы көрсетілмеген
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС Тексеру комиссиясының төрағасы
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.08.2026 | 2496