құрылыс инженері

«Өскемен Энерго» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
24

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- техникалық, әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

- уәкілетті органдармен және ұйымдармен жобалық-сметалық және техникалық құжаттаманы келісу;

- ақпаратты, техникалық деректерді, көрсеткіштерді және жұмыс нәтижелерін зерттеу және талдау, оларды жинақтау және жүйелеу, заманауи электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып қажетті есептеулер жүргізу;

- реконструкциялау және жаңғырту мәселелерін шешуге қатысу, неғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдер, құрылыс және реконструкция объектілерінің құнын төмендетуді және технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету;

- күрделі құрылыс бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жұмысына бақылау жасау;

- бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімдері негізінде жұмыстардың және жабдық жеткізілімдерінің кестелерін әзірлеу, ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуын бақылау, жеткізушілердің жеткізілім кестелерін сақтауын, жабдықтың сапасы мен жиынтықтылығын бақылау;

- жабдық пен жинақтаушы бұйымдарды қабылдаудың саны мен сапасын, консервацияны, құрылыс-монтаж ұйымдарына және ұйымның бөлімшелеріне берудің уақтылылығын бақылау;

- жеткізушілер шарттық міндеттемелерді бұзған кезде талап-арыздар бойынша хат алмасуды жүргізу, жеткізілім мерзімдерін өзгертуге, жабдық пен жинақтаушы бұйымдарды ауыстыруға келісу, мерзімдердің бұзылуына және құрылыс-монтаж жұмыстары сапасының нашарлауына әкелетін себептерді талдау, оларды алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;

- бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық талаптарға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын және аяқталған объектілерді қабылдауды бақылау;

- орнатылған жабдықты тораптық қабылдауды ұйымдастыру, жасырын жұмыстарды қабылдауды ұйымдастыру;

- жобаны орындау бойынша техникалық және авторлық қадағалау берілген ескертулердің орындалуын бақылау;

- құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссиялар жұмысына қатысу, құрылыс ұйымдарының комиссия белгілеген мерзімдерде кемшіліктерді, ақауларды жою сапасын бақылау;

- аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының есебін және күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын жүргізу;

- іске асыру кезеңіндегі жобаларды тұрақты сүйемелдеу, іске асырылатын жобалардың бюджеттерінің орындалуын бақылау;

- сметалық құжаттама, хат алмасу, талап-арыз жұмысы бойынша мердігер ұйымдармен құрылымдық бөлімшелердің құзыреті шегінде бірлесіп жұмыс жүргізу

Талаптар:

- жоғары құрылыс білімі;

- тиісті бағыт бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

- тиісті бағыт бойынша сертификаттардың болуы (қалаулы).

- MS Project; Gantt Project; Project Plan бағдарламаларымен жұмыс

Шарттар:

- ресми жұмысқа орналастыру;

- әлеуметтік пакет;

- Өскемен қ. (Усть-Каменогорск) қаласындағы серіктестік кеңсесі;

- резюмелерді қабылдау мерзімі 10.09.2026 жылға дейін