"ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ЖШС "Қызылорда" филиалының Қызылорда локомотив пайдалану депосының
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Ауысым жұмысшыларының, соның ішінде жұмыс тәртібін сақтаушылардың, депо жолдарында жылыну, жабдықтау және манврлеу жұсытарымен айналысатын локомотив бригадаларының, демалыс үйінің кезекшілерінің және пайдалану бақылауындағы локомотив бригадасының машинистерінің қызметін басқарады және бақылайды. Ауысым жұмысшыларын алдағы жұмыс жоспарымен таныстырады. Локомотив бригадалары үшін ауысым алдындағы және сапар алдындағы нұсқаулықтарды, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі материалдарын өткізеді. Маршрут парақтарын береді және локомотив бригадасына сапар алдындағы медициналық тексеруден өтуге нұсқаубереді. Локомотив бригадасының жұмыс жағдайында екеніне және олардың медициналық тексеруден өткенін көрсететін маршрутта мөрлердің бар екеніне, сондай-ақ машинисттің тиісті локомотив түрін басқару құқығына куәлігінің, машинист формасының, ескерту талонының, "Тұтынушылардың электр қондырғыларының техникалық пайдалану ережелері" және "Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі ережелері бойынша білімін тексеруден өткендігін тексеріп, оған өзі қол қойылған машинист маршрутын және НМП тасымалданатын жад модулін жуналға тіркей отырып табыстайды.Біліктілік талаптары:
- біліктілігі: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік , көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Көліктегі тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігіндегі тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру)
- Жұмыс тәжірибесі: локомотив машинисі ретінде кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр