Салықтық жоспарлау және есеп басқармасының бас маманы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
583

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1)    «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) салықтық міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету: салық базасын қалыптастыру және корпоративтік табыс салығын, сондай-ақ төлем көзінен ұсталып қалатын корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТC);

2)    Қоғамның жиынтық жылдық табысына енгізілетін кірістерді айқындау, оның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалы, «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалы;

3)    Қоғамның, оның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалы, «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалы үшін амортизациялық аударымдарды есептеу мақсатында негізгі құралдар бойынша құндық балансты айқындау және қалыптастыру;

4)    Қоғамның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы», «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалдары тарапынан КТC-ті есептеу үшін ұсынылатын ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын бақылау;

5)    КТC бойынша салықтық регистрлердің қалыптасуының дұрыстығын тексеру;

6)    Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне КТC мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

7)    КТC бойынша салықтық есепті автоматтандыруға қойылатын талаптарды әзірлеу;

8)    Қоғамның кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелері мен активтерін есептеу үшін тоқсан сайынғы негізде КТC бойынша аралық декларацияларды бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне құрастыруды және ұсынуды қамтамасыз ету;

9)    Қазақстан Республикасының КТC мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және/немесе толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

10)                  Қоғамның салықтық міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету: КТC декларациясына бақыланатын шетелдік компаниялардың жиынтық пайдасы енгізілген кезде салық органдарына трансформациялық құжатты ұсыну бөлігінде.


Талаптар:

  • тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары білім
  • мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр