Жерүсті электрмен жабдықтау учаскесінің бастығы
"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Электр энергетикасы бөлігіндегі өндірісті қамтамасыз ету
- Энергетикалық жабдықтың, электр желілерінің, трансформаторлық қосалқы станциялардың үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөнделуін және жаңғыртылуын қамтамасыз етеді;
- Қоғамның электр энергиясын тұтынуын есепке алады;
- Электр энергетикасы бөлігіндегі мердігер ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.
- Энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы шығындарын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
- Электр энергетикасы саласында нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарының, техникалық пайдалану және еңбекті қорғау ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Электр жабдығын пайдаланатын персоналға техникалық оқытуды, нұсқамадан өткізуді және білімін тексеруді ұйымдастырады
Құжаттамамен жұмыс
- Энергия ресурстарын үнемдеу жөніндегі іс-шараларға қажетті негіздемелері бар есептеулерді орындайды;
- Қоғам бөлімшелерінің энергияға қажеттіліктеріне қарай, Қызмет қызметкерлерімен бірлесіп электр шаруашылығының шығын нормаларын, бөлімшелердің жұмыс режимін әзірлейді;
- Жабдықты жөндеу туралы шарттар жасасу үшін мердігер ұйымдармен қажетті материалдарды дайындайды;
- Қызмет бойынша барлық қажетті журналдарды жүргізеді;
- Энергиямен жабдықтау жүйелерін техникалық қайта жарақтандырудың, энергия шаруашылығының дамуының, реконструкция мен жаңғыртудың қажетті негіздемелерін дайындайды;
- Энергетикалық қондырғылар мен желілерді өнеркәсіптік пайдалануға сынақтан өткізуге және қабылдауға қатысады, сондай-ақ Қызмет қызметкерлерімен бірге энергетикалық жабдықтағы авариялардың себептерін қарастыруға қатысады;
- Энергетикалық жабдықтағы авариялардың алдын алу, еңбек үшін қауіпсіз жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
- Энергия шаруашылығын пайдалану үшін қажет жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер жасайды;
- Қызметтің негізгі құралдарын және тауарлық-материалдық құндылықтарын есептен шығару бойынша құжаттаманы ресімдейді;
- Қызмет қызметкерлерінің демалысқа шығу және жұмысқа шығу кестесін жасайды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Қоғам қызметкерлерінің энергетикалық жабдық пен электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылайды;
- Қызметтің энергетикалық жабдығына күрделі және басқа да жөндеулердің орындалуын бақылайды;
- Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалайтын тұлғалардың ұйғарымдары, актілері бойынша бұзушылықтарды жояды;
- Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі, жабдықтың, құралдың ақаулығы, қауіпсіздік аспаптарының болмауы немесе ақаулығы, жұмыс аймағы ауасында зиянды, жарылғыш газдар мен қоспалардың болуы, желдету жүйелерінің ақаулығы жағдайында шаралар қабылдайды;
- Қызмет қызметкерлеріне еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізеді және олардың қауіпсіз еңбек тәсілдерін, еңбек әдістерін меңгеруін бақылайды;
- Бекітілген нысандар мен көрсеткіштер бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті дайындайды.
- Қызмет саласы шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендірудің уақтылығы мен толықтығын бақылайды;
- Нақты немесе ықтимал тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын, тәуекелдің күшеюін көрсететін теріс үрдістерді анықтайды, тәуекел тудыратын факторларды талдайды және болжамды залалдың ауқымын бағалайды;
- Тәуекелдің алдын алу және оларға ден қою тәсілдерін іздейді;
- Тәуекелдердің ықтималдығын және жағымсыз салдарын жоюға және төмендетуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын мониторинг жүргізеді, жоғары тұрған басшыны хабардар етеді;
- Лауазымдық міндеттерді орындауға байланысты қолжетімді болған ақпаратты, соның ішінде делдалдар арқылы, қандай да бір пайда алу мақсатында пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз етеді;
- Басшылыққа сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарының фактілері туралы хабарлайды;
- Қызметте парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуына жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім
- Жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл, ұқсас лауазымдарда кемінде 3 жыл
- Стационарлық жабдықты жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын білуі артықшылық. Электр қауіпсіздігі бойынша 1000 В дейін және 1000 В жоғары 5-топқа рұқсаттың болуы.
Шарттар:
- ЕҚТК РК сәйкес жұмысқа орналастыру;
- Үміткерлерді конкурс арқылы іріктеу;
- Жұмыс кестесі - 5/2;
- Жұмыс орны - Шалқия кеніші
Ұқсас вакансиялар
Пайдалану дирекциясының Бас энергетигі
«Түркістан БГҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарамұрт а.
19.10.2026 | 26
Электр жабдықтарын жөндеу және күту жөніндегі электромонтер
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.10.2026 | 64
Техник-энергетик
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.10.2026 | 72