Бу қондырғысының (бу жылжымалы қондырғы) машинисті, 4-разряд

«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
257

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер! Біз сізді «Разведка и добыча QazaqGaz» ЖШС-індегі іріктеу процесінде көруге қуаныштымыз. Біздің компаниямызға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіз мұнда кәсіби өсуіңізге арналған қызықты мүмкіндіктерді табады деп үміттенеміз және осы процестің әр кезеңінде сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге әрі көмектесуге дайынбыз. Төменде жарияланған бос орынмен таныса аласыз. Біз сізбен кездесуді күтеміз және мұнда өзіңіздің кәсіби отбасыңызды табасыз деп сенеміз.


Міндеттері:

  • Көлік құралын және бу тасымалдау қондырғысын (БТҚА) күнделікті сырттай тексеруді жүргізеді;|
  • автомобильдің, қазандық жабдығының, сорғылардың, құбырлардың, арматураның, бақылау-өлшеу аспаптарының және қауіпсіздік құралдарының техникалық жай-күйін тексереді;
  • автомобиль мен БТҚА-ға ТО-1 және ТО-2 техникалық қызмет көрсетуге қатысады;
  • БТҚА көлік құралы мен жабдығына ағымдағы жөндеуге қатысады;
  • техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден кейін техникалық жай-күйге қайта тексеру жүргізеді;
  • қажетті өлшеулерді орындайды, қысым, температура, су деңгейі және БТҚА жұмысының өзге де параметрлері бойынша аспаптар мен датчиктердің көрсеткіштерін алады;
  • өз құзыреті шегінде БТҚА көлік құралы мен жабдығын күрделі жөндеуге қатысады;
  • өндірістік жұмыстарды орындау және желіге шығу кезінде автомобиль мен БТҚА-ның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  • өндірістік тапсырмаға сәйкес ұңғымаларды, құбырларды және жабдықты булау, қыздыру, тазалау және технологиялық қызмет көрсету жұмыстарын орындайды;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтайды.
  • жол парағын алады, рейс алдындағы медициналық тексеруден өтеді;
  • автомобиль мен БТҚА-ға рейс алдындағы техникалық тексеруді жүргізеді;
  • рейсті орындау үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын, талондарды және өзге де құжаттарды алады;
  • көлік құралын механикке техникалық жай-күйін бақылау үшін ұсынады; механиктің жол парағындағы қолтаңбасынсыз шығуға тыйым салынады;
  • жол, пайдалану және өндірістік құжаттаманы жүргізеді;
  • анықталған ақаулар, аяқталмаған жұмыстар және автомобиль мен БТҚА-ның техникалық жай-күйі бойынша ескертулер туралы механикке уақытылы баяндайды;
  • ауысым соңында техниканы тұраққа қоюды, жол парағын тапсыруды және ЖЖМ шығыны бойынша есептілікті қамтамасыз етеді.

БТҚА машинисі – жүргізуші міндетті:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының, өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларының және «Разведка и добыча QazaqGaz» ЖШС-інің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын орындау;

- бекітілген мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, отынды, материалдарды және қосалқы бөлшектерді ұтымды пайдалану;

- ақаулар, авариялар, жазатайым оқиғалар, газдың ағуы, тұтанулар және өзге де төтенше жағдайлар туралы жұмыс жетекшісіне, механикке және диспетчерге дереу хабарлау;

- көлік құралын және БТҚА-ны бөгде тұлғалардың басқаруына жол бермеу.


Талаптар:

  • Жоғары, орта-арнайы (техникалық) білім;
  • мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

    - БТҚА машинисінің куәлігінің және тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы;

    - белгіленген тәртіппен міндетті медициналық тексерулерден өту және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша білімін тексеруден өту.

Шарттары:

  • Вахталық жұмыс әдісі;
  • Толық әлеуметтік пакет.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Колледж