«Кедентранссервис» АҚ Сыртқы байланыстар және PR департаментінің менеджері (14 грейд)

от 415 248
АО «Кедентранссервис» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
310

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қоғамның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми беттерде, БАҚ-та ақпараттық материалдарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пресс-релиздерді дайындауды және орналастыруды қамтамасыз етеді; 
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, оның филиалдарымен бірлесіп қоғамның Құзыретті спикерлерінің БАҚ-тағы мақалаларын, сұхбаттарын, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді;
  • қоғам қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған сыни баяндамаларға/жарияланымдарға дағдарысқа қарсы ден қоюды қамтамасыз етеді;
  • қоғам басшылығы үшін презентациялық материалдар мен тезистерді дайындау;
  • қоғамның өкілдіктері мен сыртқы қызметтерін қаржыландыруға арналған өтінімдерді, шығыстар сметаларын дайындайды және келіседі;
  • "Самұрық-Қазына" АҚ-ның сыйлық-имидждік өнімді сатып алу, ақылы ақпараттық мақалалар мен баспасөз релиздерін баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық платформаларында және шетелдік БАҚ-та орналастыру жөніндегі сатып алу қағидалары шеңберінде шығыстар бюджетін қалыптастыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Халықаралық қатынастар; Дипломатия; аударма дело; Халықаралық құқық; Шет тілдері; қоғаммен байланыс; Филология, Экономика
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс 
Қосымша талаптар:
  • ақпаратпен жұмыс істей білу, медиа ландшафтты және журналистермен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін түсіну; 
  • "Самұрық-Қазына" АҚ ережелеріне сәйкес регламент пен рәсімдерді білу; 
  • бюджеттік шығындарды жоспарлау және PR белсенділігімен байланысты қаржылық есептілікті жүргізу мүмкіндігі;
  • әр түрлі медиа арналарды қолдана отырып, PR-науқандарды әзірлеу және енгізу тәжірибесі; 
  • көрмелерді, конференцияларды, семинарлар мен дәрістерді жоспарлау және өткізу тәжірибесі; 
  • халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізу тәжірибесі, әртүрлі елдердің серіктестерімен ортақ тіл таба білу;
  • сапалы пресс-релиздер мен бұқаралық ақпарат құралдарына үндеулер жасай білу.
Қажетті дағдылар:
  • брендтің жаңа тұжырымдамасын, корпоративтік стиль мен логотипті, имидждік өнімдерді әзірлеу дағдылары; 
  • PR және сыртқы байланыстар саласында сертификаттардың, куәліктердің және алғыс хаттардың болуы;
  • CorelDRAW; Power BI.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр