Өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін уақытша)

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
55

Қаралған саны:
3400

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • газ құбырларын, құрылыстар мен жабдықтарды техникалық пайдалануды ұйымдастыру және бақылау.
  • профилактикалық, жөндеу және күрделі жұмыстардың орындалуын бақылау, мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
  • цифрландырылған атқарушылық және техникалық құжаттаманың бақылау есебін жүзеге асырады.
  • газбен жабдықтау объектісінің аяқталған құрылысының алынған атқарушы және техникалық құжаттамасының берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау және объектілерді пайдалануға беруге қатысу.
  • өндірістік процестерді жетілдіру жөніндегі техникалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
  • бухгалтерлік есепті, есептілікті жүргізу және электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу.
  • еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • компанияның интеграцияланған басқару жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының талаптарын орындау.
  • еңбек тәртібін сақтау, мүліктің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • жоғары техникалық
  • мұнай-газ саласындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес
  • ҚР газбен жабдықтау саласындағы заңнамасын, еңбек заңнамасын және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын білу.
  • Нормативтік-техникалық құжаттаманы (ҚНжЕ, ТУ, стандарттар), газ шаруашылығы объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарды білу.
  • Газды тасымалдау мен таратудың технологиялық процестерін түсіну.
  • Жобалау-сметалық және атқарушылық-техникалық құжаттаманы әзірлеу және талдау дағдылары.
  • Объектілерді пайдалануға беру және газ тарату желілеріне қосу тәртібін білу.
  • Өндірістік қызметті жоспарлау, есепке алу және бақылау дағдылары.
  • ДК және мамандандырылған бағдарламаларға иелік ету (MS Office, 1C, AutoCAD, ЭҚЖ).
  • Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.

Шарттар:

  • жұмыс аптасы 5/2
  • әлеуметтік пакет

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр