Сандық инфрақұрылымды қолдау бөлімінің аға менеджері

«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
664

   Конкурс туралы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС

Міндеттері:

  1. Цифрлық инфрақұрылымды қолдау бөлімінің қызметін басқару, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
  2. Кәсіпорынның цифрлық инфрақұрылымының, оның ішінде серверлік жабдықтың, деректерді өңдеу орталықтарының, байланыс желілерінің, радиобайланыстың, қауіпсіздік жүйелерінің және өндірістік ақпараттық жүйелердің үздіксіз, сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.
  3. Компанияның мақсаттарына сәйкес цифрлық инфрақұрылымды дамыту стратегиясын іске асыру.
  4. Бөлім бюджетін жоспарлау, қалыптастыру және орындауды бақылау, сондай-ақ жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді және АТ-қызметтерді сатып алуды басқару.
  5. Цифрлық инфрақұрылымды енгізуді, жаңғыртуды және сүйемелдеуді ұйымдастыру, заманауи технологияларды және саланың үздік практикаларын енгізу.
  6. АТ-қызметтерді дамыту және оңтайландыру бойынша жобаларды басқару, іске асыру мерзімдерін, сапасын және тиімділігін бақылау.
  7. АТ-шешімдерді ұсынатын мердігер ұйымдармен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау.
  8. Маңызды АТ-қызметтердің жоғары қолжетімділігі мен ақауға төзімділігін қамтамасыз ету, мониторингті ұйымдастыру және инциденттерді жедел жою.
  9. Техникалық құжаттаманы, регламенттерді, стандарттарды және ішкі рәсімдерді әзірлеу және өзектендіру.
  10. Бөлім құзыреті шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті, тәуекелдерді және АТ-қызметтердің үздіксіздігін басқару.
  11. Персоналды дамытуын ұйымдастыру, міндеттер қою, жұмыс нәтижелерін бақылау және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
  12. Кәсіпорын басшылығы үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша аналитикалық материалдарды, есептілікті және ұсыныстарды дайындау.

Талаптар:​​​​​​​

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім
  • Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл
  • Команданы тиімді басқару дағдылары, көптапсырмалы жағдайда шешім қабылдау, ішкі тапсырыс берушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды басқарудың заманауи технологияларын және үздік практикаларын енгізуге дайындық маңызды.
  • Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесі, өндірістік ақпараттық жүйелер мен цифрлық инфрақұрылымды білу артықшылық болады.
  1. Цифрлық инфрақұрылым бөлімінің қызметін ұйымдастыру және басқару.
  2. Кәсіпорынның Цифрлық инфрақұрылымын дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
  3. Деректерді өңдеу орталықтарының, серверлік, желілік инфрақұрылымның және корпоративтік ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
  4. Бөлім бюджеті жоспарлау және бақылау, жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді және АТ-қызметтерді сатып алуды басқару.
  5. Мамандар командасын басқару: міндеттер қою, орындауды бақылау, құзыреттерді дамыту және қызметкерлердің тиімділігін бағалау.
  6. АТ-жобаларды басқару, АТ саласындағы жаңа технологияларды және үздік практикаларды енгізу.
  7. Ішкі тапсырыс берушілермен, мердігерлермен және АТ-шешімдерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл.
  8. Шарттық міндеттемелердің орындалуын және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау.
  9. Техникалық құжаттаманы, регламенттерді және ішкі стандарттарды әзірлеу.
  10. Тәуекелдерді басқару, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, корпоративтік саясаттар мен заңнама талаптарын сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр