Деректерді басқару және жасанды интеллект секторының басшысы
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қоғамның деректерді басқару саласындағы корпоративтік саясатын қалыптастыру және іске асыруға басшылық жасау;
- Корпоративтік деректер архитектурасын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
- Корпоративтік аналитикалық платформалар мен бизнес-аналитика құралдарын дамыту және пайдалану жұмыстарын бақылау;
- Жасанды интеллект технологияларын енгізу және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру және оларға басшылық жасау;
- Корпоративтік ЖИ-ассистенттерді әзірлеу, пилоттық сынақтан өткізу және дамыту жұмыстарын үйлестіру және бақылау;
- Машиналық оқыту, генеративті жасанды интеллект және зияткерлік аналитика құралдарын енгізуді ұйымдастыру және олардың қолданылуын келісу;
- Жасанды интеллект технологияларын қолдану жөніндегі жобалардың іске асырылуын үйлестіру, мониторинг жүргізу және бақылау;
- Data Governance корпоративтік стандарттарын енгізу және деректер сапасын басқару процестерін ұйымдастыруға басшылық жасау;
- Контрагенттермен және Қоғамның ішкі құрылымдық бөлімшелерімен жасалатын шарттардың талаптарын келісу;
- Жасалған шарттар мен келісімдердің талаптарының орындалуына талдау жүргізу және бақылау;
- Тәуекелдерді бағалау және IT-бастамалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- IT департаментінің қызметін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестендіру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындау;
- «Самұрық-Қазына» қорынан және мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттарды, сұрау салуларды және хабарламаларды қарау;
- Деректерді басқару және жасанды интеллект бағыттары бойынша жауаптар мен түсіндірмелер дайындау;
- Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Қоғамның бизнес-жоспарының (бюджетінің) және сатып алу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- IT-тәуекелдерді басқару және оларды азайту жөніндегі жұмыстарды әзірлеуге қатысу;
- Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағаларына талдау жүргізу;
- Бекітілген бюджет шеңберінде департаменттің қажеттіліктерін Қоғамның сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді қалыптастыру және ұсыну;
- Сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша жеңімпазбен белгіленген мерзімде шарт жасасуды қамтамасыз ету;
- Жасалған шарттар бойынша тауарларды қабылдау-тапсыру, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар актілерін келісу.
Талаптар:
- Ақпараттық технологиялар, жүйелік инженерия немесе компьютерлік ғылымдар саласында жоғары кәсіби білімнің болуы;
- Data Science және AI Engineering бағыттары бойынша сертификаттардың болуы;
- Кәсіби салада кемінде 15 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- Ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында магистр академиялық дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің (PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы) болуы құпталады;
- Бағдарламалау тілдері және SQL бойынша сертификаттардың болуы құпталады.
Шарттары:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес аутстаффинг секторына жұмысқа ресімдеу;
- сынақ мерзімі – 3 ай;
- бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
Кіші Backend әзірлеуші, Әзірлеу және техникалық сүйемелдеу қызметі
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.09.2026 | 72
Мұнай өндіру және газ өндіру басқармасының (аутстаффинг) Мұнай өндіру және газ өндіру жөніндегі департаменті, Мұнай өндіру және газ өндіру басқармасының автоматтандыру секторының бас маманы (дұмбақ: «Управления добычи нефти и
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
01.09.2026 | 572
Ақтау қаласындағы филиал директоры
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.08.2026 | 344