Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженер-электригі
475 237 - 495 237 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
-
Әдістемелік және өзге де құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеуді бақылайды және оған қатысады;
-
Ұйымның (ұйым бөлімшелерінің) жобалары мен бағдарламаларын зерттеу, әзірлеу жұмыстарын, жабдықты сынауға және оны пайдалануға енгізуге байланысты іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды стандарттау бойынша жұмыстарды орындауды, орындалатын жұмыс мәселелері бойынша техникалық құжаттаманы қарауды және қажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды дайындауды бақылайды және оларға қатысады;
-
Жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың құрылымдық бөлімшелермен келісілуін, олардың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін уақтылы берілуін, сондай-ақ олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігін ұйымдастырады;
-
Ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен нәтижелерін зерттейді және талдайды, оларды шоғырландырады және жүйелейді, қазіргі заманғы электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып, қажетті есептеулерді жүргізеді;
-
Қайта жаңарту және жаңғырту мәселелерін шешуге, құрылыс және қайта жаңарту объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін ғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізуге қатысады;
-
Күрделі құрылыс бойынша есепті жүргізу және есептілік жұмыстарын бақылайды.
-
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаудың бекітілген мерзімдері негізінде жұмыстарды орындау және жабдықтарды жеткізу графиктерін әзірлейді, ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуын, жеткізушілердің белгіленген жеткізу графиктерін, жабдықтардың сапасы мен толықтығын сақтауын бақылайды.
-
Жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдарды қабылдаудың, консервациялаудың саны мен сапасын, құрылыс-монтаждау ұйымдарына және ұйымның бөлімшелеріне уақтылы берілуін бақылайды;
-
Жеткізушілер Серіктестіктің шарттық міндеттемелерін бұзған кезде шағымдар бойынша хат-хабар жүргізеді, жеткізу мерзімдерінің өзгеруін, жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ауыстыруды келіседі, мерзімдердің бұзылуына және құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасының төмендеуіне әкеп соқтыратын себептерді талдайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды;
-
Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын және мердігерлік құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауды бақылайды;
-
Жобаны орындаушылармен (мердігерлік және өз персоналымен) жұмыс істейді
-
Монтаждалған жабдықты торап бойынша қабылдауды, жасырын жұмыстарды қабылдауды ұйымдастырады;
-
Жобаның орындалуы бойынша техникалық және авторлық қадағалаумен ескертпелерді пысықтауды бақылайды
-
Құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады, құрылыс ұйымдарының толық бітірілмеген жұмыстарды, ақауларды комиссия белгілеген мерзімде жою сапасын бақылайды;
15. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және күрделі құрылыс жоспарларының орындалу есебін жүргізеді.
Талаптар: тиісті мамандық (жылу энергетикасы, электр энергетикасы,
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі. Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): қызмет бейініне сәйкес 1-санатты инженер-электрик лауазымында кемінде 5 жыл кәсіби саладағы практикалық жұмыс тәжірибесі бар болу керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
Автокөлік цехының 6-разрядты автомобиль кранының машинисі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
03.09.2026 | 451
540 564 - 560 564 KZT
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1-санатты инженер-технолог
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
02.09.2026 | 129
379 892 - 399 892 KZT
Жалпыстанциялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу цехының 5-разрядты лифттер жөніндегі электр механигі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
02.09.2026 | 1264
350 000 - 359 999 KZT