«Қазпошта» АҚ «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы Ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасы бас менеджері

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
73

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Басқарма Төрағасының хаттамалық тапсырмаларының және қоғамның жоғары тұрған басқару органдарынан келіп түсетін тапсырмалардың орындалу мониторингі, оларды орындаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылау;
2) қоғамның жоғары тұрған басқару органдарының хаттамалық тапсырмалары мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты жинау және жүйелеу;
3) тапсырмаларды орындау бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер ұсынатын ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
4) орындалу мерзімі аяқталған және бұзылған тапсырмаларды анықтау, олардың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат дайындау;
5) тапсырмаларды уақтылы немесе тиісінше орындамау себептерін талдау және басшылық үшін тиісті ақпаратты дайындау;
6) Басқарма Төрағасының хаттамалық тапсырмалар тізілімін жүргізу және уақтылы өзектендіру;
7) Жоғары тұрған басқару органдарының хаттамалық тапсырмалары мен тапсырмаларының орындалу жағдайы туралы апта сайынғы және өзге де кезеңдік есептілікті дайындау;
8) құрылымдық бөлімшелердің материалдарын жинауды, тексеруді және жүйелеуді қоса алғанда, Басқарма Төрағасының кеңестері мен кездесулеріне құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысу;
9) құрылымдық бөлімшелердің Басқарма Төрағасының кеңестері мен кездесулеріне құжаттар мен материалдарды уақтылы ұсынуын бақылау;
10) Басқарма Төрағасы үшін кеңестерге материалдарды дайындауға және жүйелеуге қатысу;
11) қоғамның тұрақты және уақытша комитеттерінің, комиссиялары мен жұмыс топтарының қызметіне Мониторинг жүргізу;
12) қоғамның комитеттерінің, комиссиялары мен жұмыс топтарының құрамы, қызмет мерзімдері, отырыстары мен жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты жинау және өзектендіру;
13) қоғамның жұмыс топтарының тізілімін жүргізу және өзектендіру, ондағы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;
14) құрылымдық бөлімшелердің қоғамның есептілігін сыртқы ұйымдарға уақтылы ұсынуының мониторингі;
15) қоғамның сыртқы есептілігін ұсыну мерзімдерінің күнтізбесін жүргізу және жауапты құрылымдық бөлімшелерді алдағы мерзімдер туралы уақтылы хабардар ету;
16) сыртқы есептілікті беру туралы ақпаратты жинау, тексеру және шоғырландыру, белгіленген мерзімдердің сақталуы туралы жиынтық ақпаратты дайындау;
17) ұйымдастыру-бақылау жұмысы мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар, есептер және ақпараттық материалдар дайындау;
18) комитеттердің, комиссиялардың және жұмыс топтарының тапсырмаларды орындау, есептілікті ұсыну және міндеттерді орындау мерзімдерінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпарат дайындау;
19) тапсырмалардың орындалу мониторингі, есептілікті бақылау және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл процестерін жетілдіруге қатысу;
20) күнделікті операцияларды қысқарту және талдамалық деректердің дәлдігін арттыру мақсатында Басқарманың бақылау-ұйымдастыру жұмысының ішкі процестерін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
21) Басқарма құзыреті шеңберінде басқарма бастығы мен қоғам басшылығының өзге де жедел тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Профиль бойынша жоғары білім: экономика және/немесе құқықтану, және/немесе гуманитарлық ғылымдар, және/немесе әлеуметтік ғылымдар, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
  • Аналогиялық бағытта және/немесе заңнама саласында, және/немесе құжаттамалық қамтамасыз ету саласында, және/немесе пошта саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.

    Астана қаласы, М. Нарикбаева 2 көшесі