Корпоративтік қауіпсіздік қызметінің маманы

Тестовая компания Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
368

   Конкурс туралы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»

Міндеттері:

  • Қабылданатын нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды талдау және сараптау: олардың ішінде қызметкерлердің құқыққа қарсы әрекеттер жасауына алғышарт болатын осалдықтардың болмауын және тиісті алдын алу шараларының бекітілуін қамтамасыз ету;
  • Экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау және талдау, оларды ескерту және барынша азайту бойынша барабар рәсімдер мен шараларды әзірлеу және енгізу;
  • Серіктестік қызметкерлерімен әңгімелесулер жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың нормаларын түсіндіруге арналған оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ анықталған құқыққа қарсы фактілер және олар бойынша шығарылған сот актілері туралы қызметкерлерге мәліметтерді жеткізу;
  • Қажет болған жағдайда қызметкерлерді, жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды олардың сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға қатыстылығын тексеру;
  • Қажет болған жағдайда Серіктестікпен тиісті Шарттар негізінде қызмет көрсететін мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың қызметкерлерін олардың сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға қатыстылығын тексеру;
  • Құзырет шегінде әлеуетті контрагенттердің және олардың басшыларының, құрылтайшыларының (қатысушылары/акционерлерінің) сенімділігін, аффилиирленгендігін, іскерлік беделін тексеру және зерделеу, сондай-ақ әлеуетті контрагенттер ұсынатын құжаттардың дұрыстығын (сенімділігін) тексеру;
  • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар жөніндегі комиссиялардың, тендерлік комиссиялардың жұмысына қатысу, бір көзден сатып алуды келісу, шарттарға қосымша келісімдерді жасасуды келісу (негізділігін тексеру бөлігінде) және «Ерекше тәртіп» тәсілімен сатып алынуы жоспарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесін келісу;
  • Құзырет шегінде сатып алуды таңдау тәсілінің, тендерлік құжаттамалардың, техникалық спецификациялардың, бір көзден және «Ерекше тәртіп» тәсілдерімен жасасу жоспарланған шарт жобаларының объективтілігі мен негізділігін тексеру және зерделеу;
  • Қызмет құзыретіне сәйкес ҚР заңнамасына және Серіктестіктің ішкі құжаттарына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Талаптар:

  • Жоғары экономикалық немесе заңгерлік білім;
  • Құқық қорғау және арнайы органдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, экономикалық немесе қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеумен байланысты лауазымдарда.

Білім және дағдылар:

  • Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңды тұлғалардың қызмет тәртібі туралы нормативтік-құқықтық актілер; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнама;
  • Іскерлік қарым-қатынас этикасы;
  • Ұйымның қызмет саласы және экономикалық қызмет түрі;
  • Өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
  • Еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;
  • БиОТ, ООС және ГЗ бойынша заңнамалық талаптар мен ішкі нормативтік құжаттар және оларды сақтау.
  • Жауапты;
  • Орындаушы;
  • Ынталы;
  • Коммуникабельді;
  • Көптапсырмалы режимде және ақпарат көлемі үлкен жағдайда жұмыс істей алатын;
  • Приоритеттерді дұрыс қоя білетін;
  • Мәселелерді шешудің тамаша дағдылары;
  • Жоғары аналитикалық қабілеттер.

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу | Павлодар облысы
03.09.2026 |  24
409 129 - 423 515
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Инженер және санаты /II санаты/I санаты жоқ электр қауіпсіздігі, энергетикалық орталық (05.09.2025 № 50-06-12э/2786 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу | Өскемен қ.
25.08.2026 |  2772
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы
Өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің 2-санатты инженері-негізгі қызметкер болмаған уақытқа уақытша бос орын
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды қ.
19.08.2026 |  433