«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Костанай магистральдық желі бөлімі» филиалы Тобол жол шаруашылығы бекетінің №2 өндірістік учаскесінің жол учаскесінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Бекітілген учаске бойымен жолдарды, стрелкаларды, жер тошағын, құрылыстар мен жол құрылғыларын, рельстерді, шпалаларды, брусьяларды, соның ішінде көпір брусьяларын, бекіткіштерін, рельстік тізбектерді қарап, тексереді;
- дефектілі жерді кесіп алып, рельсті накладкалармен және толық болттар санымен орнату арқылы үздіксіз жолдың жарылған плетісін уақытша қалпына келтіруді басқарады;
- жол колонналарының күшімен орындалған жол жұмыстарының сапасын және орындалған жол жұмыстарының технологиялық ережелерінің сақталуын тексереді;
- үздіксіз жолды рихтовкалау құралдарымен 1-ден 6 сантиметрге дейінгі шамада рихтовкалауды жүргізеді;
- учаскедегі техникалық сабақтарды өткізуге қатысады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс (Темір жолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр