«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Западный» өңірлік филиалының бухгалтерия бөлімінің жетекші бухгалтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Бухгалтерлік есеп шоттарында бастапқы құжаттарға сәйкес филиал қызметкерлері бойынша тиісті салықтар мен зейнетақы жарналарын, жалақыны, алименттерді, атқарушылық құжаттарды, қызметтік қажеттіліктер бойынша аванстық есептерді, демалыс, оқу демалыстарын, еңбекке жарамсыздық парақтарын нақты есептеу, ұстау және аудару уақтылығы, толықтығы және дұрыстығы (жұмыс уақытын есепке алу табелі, еңбекке жарамсыздық парағы, бұйрықтар, сыйлықтар, ұстап қалуға арналған өтініштер, материалдық көмек, еңбекке жарамсыздық парақтары, аванстық есептер және басқа құжаттар);
- филиал қызметкерлері бойынша есептелген жалақыдан ай сайынғы салыстырып тексеру ЖТС, МЗЖ, әлеуметтік салық, соц. аударымдар, МӘМС, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлер бойынша;
- белгіленген қаржылық есептілікті уақтылы және дұрыс жасау, есептілікті тапсыру мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
- жұмыстардың тиісті түрлері бойынша теңгерім шоттарына ай сайын түгендеу жүргізу;
- әр айдың 5-күніне дейін жалақыны қаржыландыруға өтінім жасау;
- тиісті талдамаларымен ФО-6 нысаны бойынша тоқсан сайын есептер жасау;
- теңгерім жолдары бойынша жедел деректерді ай сайын ұсыну;
- SAB BW автоматтандырылған жүйесінде қаржылық есептіліктің дұрыстығын ай сайын салыстырып тексеру;
- негізгі құралдар объектілерін жаңғыртуды қайта жаңарту кезінде, сондай-ақ ОЖ орнын ауыстыру және есептен шығару кезінде бухгалтерлік есепке, түгендеу карточкаларына уақтылы өзгерістер енгізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы; Экономика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман