Электр жабдықтарына қызмет көрсетуші 5-санаттағы электр жөндеушісі

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
14

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Ведомстволық трансформаторлық электр қосалқы станцияларында жұмыстарды оларды электр желілеріндегі жедел ауыстырып-қосқыштардың кернеуінен толық ажырата отырып, трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және олардың жетектерін құрылымдық элементтерді бөлшектемей тексеру арқылы орындау. Диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерінің, ағынды-көліктік технологиялық желілердің, электронды басқару сұлбалары бар дәнекерлеу жабдықтарының, электр жабдықтарының агрегаттары мен тоқ пен кернеу бойынша кері байланыстары бар электр машиналық басқару жүйелері бар станоктардың жұмыс режимдерін автоматты реттеу құрылғыларын монтаждау, жөндеу, баптау және қызмет көрсету. Тасымалданатын электр жабдықтарын қосу/ажырату. Электр монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ЭМЖ). Электр жабдықтарын қосудың аса күрделі сұлбалары бар күштік және жарықтандыру қондырғыларына және ағынды желіге байланысқан машиналар мен агрегаттардың сұлбаларына, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты түрде реттейтін жабдықтарға қызмет көрсету. Электр аспаптарын, электрмагниттік, магнитоэлектрлік және электродинамикалық жүйелерді бөлшектеу, құрастыру, баптау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындай отырып, электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және техникалық қызмет көрсету. Мегаомметрмен тарату желілерінің, электр қозғалтқыштарының статорлары мен роторларының, трансформаторлар орамаларының, кабельдердің кірістері мен шығыстарының оқшауламасының кедергісін тексеру және өлшеу. Трансформаторларды, ауыстырып-қосқыштарды, басқару бекеттерін, магнитті іске қосқыштарды, контакторларды және басқа да күрделі емес аппаратураны жөндеу. Тарату қораптарын, сақтандырғыш қалқандарды, жарықтандыру арматурасын және жарықтандыру сұлбаларын тексеру, монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету. Электр жабдықтарының істен шығуы мен ақауларын анықтау және жою. Электр жабдықтарын қосу және ажырату. Электр қозғалтқыштарының роторлары - теңгеру, дірілді анықтау және жою. Жоғары кернеулі кабель - зақымдануды табу, зақымдалған аймақты кесу және ендірмені монтаждау. Тарату құрылғылары мен трансформаторлық қосалқы станциялардың (бұдан әрі – ТҚ және ТС) үй-жайларын жинау. Бөлшектерді ішінара бөлшектеу, жуу және сүрту арқылы электр жабдықтарын тазалау және сығылған ауамен үрлеу. Түйіспелер мен түйісу беттерін тазалау. Қалқандардағы, пульттердегі және кабельдік желілердегі сызбалар мен жазуларды қалпына келтіру. Электр жабдықтарын жөндеуде қарапайым слесарлық және монтаждау жұмыстарын орындау. Электр құралымен жұмыс істеу: - бұрыштық өңдеу машинасымен (далее – БӨМ);

Білім:

бейіні бойынша техникалық және кәсіптік/бейіні бойынша жоғары

Дағдылар:

-

Қосымша:

Жұмыс және демалыс режімі: - қалыпты еңбек жағдайларында аптасына 40 (қырық) сағаттан аспайтын 8.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. - зиянды еңбек жағдайларында аптасына 36 (отыз алты) сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы сағат 8-00-ден 16-12-ге дейін немесе сағат 15.30-дан 23.12-ге дейін (ауысым кестесіне байланысты), 5 күндік жұмыс аптасында демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Еңбек жағдайының сипаттамасы: иондаушы сәулелені мен шудың әсеріне қатысты қалыпты және кейде зиянды еңбек жағдайлары; кемінде электр қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы 4- рұқсаттама тобының болуы. білуі тиіс: Телемеханика негіздері: Әртүрлі электр машиналарының, электр аппараттарының, өлшеу және автоматты реттеу электр аспаптарының құрылысы мен электрлік сұлбалары. Максималды тоқтық қорғаныстың мақсаты мен негізгі талаптары туралы жалпы мәліметтер. Электр жабдықтары мен кабельдік желілерді сынауды жүргізу әдістері. Электр қозғалтқыштары мен басқа да қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының сұлбалары. Әртүрлі жүйелер релесінің құрылысы және оны тексеру мен реттеу тәсілдері. Үлкен қуатты электр машиналарын, күрделі электр жабдықтарын бөлшектеу, құрастыру, жөндеу және баптау бойынша жұмыс тәсілдері мен операциялар реттілігі. Электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын сынау тәртібі. Электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру, жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарын қадағалау және оларға қызмет көрсету тәртібі. Жөндеу кезінде қолданылатын аспаптарды пайдалану үшін қажетті геометриялық қисықтарды салу. Машиналық және лампалық генераторлары бар түрлендіргіштердің, жоғары жиілікті қондырғылардың жұмыс істеу принципі. "фи" косинусын арттыру үшін статикалық конденсаторлардың қажеттілігін есептеу. Электр қозғалтқыштарын орталықтандыру және теңгеру тәсілдері. Жоғары жиілікті қорғаныстардың мақсаты мен түрлері. Бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу тәртібі, біліктілік тобы көлеміндегі IV қауіпсіздік техникасы ережелері.

Білетін тілдер:

-

Қажетті қабілеттер

  • -