Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері

ТОО «Уранэнерго»
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
91

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Еңбекақы төлеу бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу жұмыстарын орындайды.Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды, өңдеуді және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды (жұмыс уақытын есепке алу табельдері, бұйрықтар, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, сыйлықақылар, үстеме жұмыс үшін төлемдер, демалыстар, өкімдер).Еңбекақының барлық түрлерін есептеуге байланысты операцияларды орындайды және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді.Серіктестік жұмыскерлеріне еңбекақыны есептеу үшін деректерді компьютерлік жүйелерге енгізуді жүзеге асырады (лауазымдық жалақы, сыйлықақылар, қосымша жұмыс үшін төлемдер, материалдық көмек, әлеуметтік жеңілдіктер).Серіктестік жұмыскерлеріне еңбекақыны және өзге де төлемдерді есептеу, сондай-ақ олардан ұстап қалу мәселелері бойынша анықтамалар береді.Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салық төлемдерін, бюджеттен тыс қорларға, сондай-ақ Серіктестікте оның Жарғысына сәйкес құрылатын қорларға аударымдарды есептейді.Еңбекақы және салықтар бойынша төлем тапсырмаларын және салықтық тіркелімдерді жасайды және толтырады.Демалысқа арналған резервтер бойынша есептеулерді тоқсан сайын кадрлық деректермен салыстырып тексеру арқылы жүргізеді.Серіктестік жұмыскерлеріне есеп айырысу парақтарын береді (электрондық пошта арқылы жібереді).Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылайды, есептілікті жасау үшін деректерді дайындайды және оларды мұрағатқа тапсыру үшін ресімдейді.

Білім:

Жоғары – экономика/қаржы/бухгалтерлік есеп/аудит.

Дағдылар:

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша жоғары тұрған, қаржылық және бақылау-ревизиялық органдардың әдістемелік және өзге де материалдарын, сондай-ақ ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты нормативтік құжаттарды, азаматтық құқықты, қаржылық, салықтық, әкімшілік-шаруашылық заңнаманы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздерін, ұйымның құрылымын, оның даму стратегиясы мен перспективаларын, ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды, оны жүргізу қағидаларын, есеп учаскелері бойынша операцияларды құжаттау тәртібі мен құжат айналымын ұйымдастыруды, қаржылық есеп айырысулардың нысандары мен тәртібін, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістерін, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау әдістерін, ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібін, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу қағидаларын, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттарын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару тәртібін, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізу қағидаларын, бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін, тексерулер мен құжаттамалық ревизияларды жүргізу қағидаларын, есептік-есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін заманауи есептеу техникасының құралдары мен оларды қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда, салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептілікке арналған қолданбалы бағдарламаларды, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын, қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс істеу дағдыларын, экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды, өндіріс технологиясының негіздерін, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын білуі тиіс.

Қосымша:

Бос лауазым

Білетін тілдер:

Қазақ тілі, орыс тілі