"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы"филиалы ДС шаруашылық секторы қоймасының меңгерушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоймада сақтауға жататын материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жабдықтар мен бұйымдардың сипаттамалары мен негізгі қасиеттерін, сондай-ақ оларды таңбалауды және осы материалдық құндылықтардың мақсатын білу
- Филиал ғимаратының қоймасында және кабинеттерінде сақтаудағы қосалқы бөлшектер мен бұйымдардың материалдарының, жабдықтарының сақталуын қамтамасыз ету (есептегі негізгі құралдар мен мүкәммал)
- Тауар – материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, орналастыру және босату бойынша қойма жұмысына басшылық жасау
- Құжаттармен ресімделмеген материалдар мен бұйымдарды қоймада сақтауға жол бермеу Бухгалтерия алдында тауарлық – материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы есептерді уақтылы жасау
- Филиал ғимаратының, іргелес аумақтың жарамды жай-күйіне күнделікті бақылауды жүзеге асыру, ол үнемі таза ұсталуы тиіс
- Материалдарды тиеу – түсіру және қоймалық жұмыстарды орындау және тасымалдау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау Өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындау және қойманың өртке қарсы жай-күйін қадағалау
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қосымша талаптар:
жұмыс орыны : Серова, 89Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр