«KTZ Express» АҚ Портфельдік басқару департаментінің бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қадағалайтын еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) өндірістік және қаржылық мәселелер бойынша қызметіне талдау жүргізеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүзеге асырады;
- Қадағалайтын ЕТҰ қызметінің тиімділігін арттыруға, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды ұтымды әрі үнемді пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ осы іс-шаралардың іске асырылуын бақылайды;
- Қадағалайтын ЕТҰ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілеу бойынша ұсыныстарды келіседі және әзірлейді;
- Қадағалайтын ЕТҰ қызметінің негізгі көрсеткіштерінің (ҚКК) орындалуына мониторинг және талдау жүргізеді;
- Қадағалайтын ЕТҰ бойынша корпоративтік шешімдердің уақтылы қабылдануын бақылайды, басқару органдары және қадағалайтын ЕТҰ-ның атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Қоғамның жергілікті актілерінде белгіленген тәртіппен қадағалайтын ЕТҰ-ның басқару органдары мен атқарушы органдарының, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Қоғамға тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғалардың органдары шешімдерінің жобаларын келісуге қатысады;
- Қадағалайтын ЕТҰ-ның жарғылық капиталдарын ұлғайту және толықтыру, сондай-ақ олардың қаражатының нысаналы пайдаланылуы туралы мәліметтерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Қоғам активтерінің құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- ЕТҰ-ны құру және (немесе) заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу үшін қажетті бизнес-жоспарларды, қаржылық-экономикалық модельдерді және басқа да құжаттарды әзірлеуге және дайындауға қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Есеп және аудит; Қаржы; Құқықтану; Халықаралық құқық; Халықаралық қатынастар; Жерге орналастыру; Кадастр; Құрылыс; Сәулет; Бағалау.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр