Жол шебері (өлшеу бойынша) "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Алматы жол қашықтығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жолдың жоғарғы құрылысын, бағыттамалық бұрмаларды, жер төсемі мен жасанды құрылыстарды нормативтік құжаттарға сәйкес уақтылы тексеруді ұйымдастыру;
- Темір жол элементтерін және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы ұстау және жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- Өндірістік көрсеткіштерді бригадаларға жеткізу және ресурстарды, техниканы және еңбекақы төлеу қорын пайдалану тиімділігін бақылау;
- Жұмыс басталғанға дейін орындаушыларға наряд-тапсырмалар мен кесімді нарядтар беру, қызметкерлерді еңбек жағдайларымен, өндіру нормаларымен және бағалармен таныстыру;
- Бригадаларды материалдармен, механизмдермен, арнайы киіммен, ЖҚҚ-мен, құрал-саймандармен және техникалық құжаттамамен уақтылы жабдықтау;
- Жол бригадаларының еңбегін ұйымдастыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізу ережелеріне нұсқамалар мен жұмысшыларды оқытуды жүргізу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі); орта (техникалық және кәсіптік);
- Мамандығы: жоғары - Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көліктік тоннельдер, көліктік құрылыс; орташа техникалық - Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көлік тоннелдері;
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім кезінде қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл/орта-техникалық білім кезінде кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр