Лауазымдық жауапкершілік:
• Радиациялық қауіпсіздік қызметі жұмысының жоспар-кестесін, жеке жоспарын орындау;
• Журналдарда жазбалар жүргізу, жиынтық құжаттама жасау;
• Бекітілген жоспар-кесте мен нұсқаулықтарға сәйкес иондаушы сәулелену ағындарының мөлшері мен тығыздығына, беттердің, жабдықтардың, көлік құралдарының, көлік орамаларының, арнайы киім мен басқа да жеке қорғаныш құралдарының, аумақтың, жұмыскерлердің, жұмыс орындары мен қоршаған ортаның радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты өлшеулер жүргізу;
• Дозиметриялық бақылау аспаптары мен жабдықтарының дұрыс техникалық пайдаланылуын қамтамасыз ету және жұмысын бақылау;
• Дозиметриялық бақылау аспаптары мен жабдығының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызмет көрсету;
• Жабдықты сынақ жүргізуге, метрологиялық салыстырып тексеруге дайындау, дозиметриялық бақылау жабдығын баптау, күйге келтіру, реттеу және тексеру, оның жарамды жай-күйін бақылау;
• Дозиметриялық бақылау бекеттерінің жұмыс қабілеттілігін, орнатылған жабдықтың жай-күйін, өлшеу нәтижелерін тіркеу үшін қажетті жағдайлардың болуын бақылау;
• Қажет болған жағдайда дозиметриялық бақылаудың жаңа әдістері мен аспаптарын игеру;
• Жұмыскерлерді, жұмыс орындарын және қоршаған ортаны мониторингтеу нәтижелерін тиісті журналдарда, CamRad дерекқоры жүйесінде тіркеу;
• Өндірістік аумақтан тыс шығарылатын материалдарға, жабдықтарға, заттарға, Компанияда пайда болатын қалдықтардың барлық түрлеріне радиациялық бақылау жүргізу;
• РҚ мәселелері бойынша жұмыскерлермен нұсқаулықтар, әңгімелесулер және жиналыстар өткізу;
• ҚАҚ-ң оқу-жаттығуларға және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу;
• Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсете білу, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білу;
• Авариялар мен жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуде жоғары тұрған басшылыққа қажетті көмек көрсету;
РҚ бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында жұмыс орындарын ауысым сайын аралау;
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс);
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);
• Демалысқа шығар алдында, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтатар алдында және т. б., орындаудағы материалдарды ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру;
• Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса);
• Серіктестіктің Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау;
• Тікелей басшыға техник - дозиметрші лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.Білім:
Арнайы орта техникалық білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және электр қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар;
• Қатты, сұйық және газ тәрізді сынамаларды радиометриялық, дозиметриялық және спектрометриялық зерттеу әдістері;
• Иондаушы сәулелену ағындарының мөлшері мен тығыздығын, радиоактивті ластану деңгейін өлшеуді орындау әдістері;
• Сынамаларды іріктеу тәсілдері, оларды дайындау және өлшеу;
• Ядролық физика туралы негізгі мәліметтер, радиоактивті ыдырау заңдары, иондаушы сәулелердің қасиеттері;
• Иондаушы сәулеленуді тіркеу әдістері, иондаушы сәулеленудің барлық түрлерінен қорғау әдістері мен құралдары;
• Дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, оларды градуирлеу, олардың сезімталдығын бақылау әдістемесі, өлшеулерді түсіндіру әдістері;
• Радиоактивті материалдарды тасымалдау ережелері.
• Төтенше және/немесе дағдарыс жағдайындағы әрекеттер.Қосымша:
• Радиациялық қауіпсіздік саласында оқыту бойынша куәліктің немесе сертификаттың болуы
• Өзгерістерге оңай бейімделу мүмкіндігі;
• Дұрыс басымдықтарды белгілеу.Білетін тілдер:
• Қазақша-міндетті;
• Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) – мүмкіндігінше