Астана қ. сұрыптау учаскесінің сұрыптаушысы

Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
33

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. Пошта қағидаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық пошта алмасу орындарында халықаралық поштаны өңдеу қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және филиал мен Қоғамның басқа да нормативтік құжаттарын қатаң сақтау;

  2. Технологиялық схема, бұйрықтар, өкімдер, жазбаша нұсқаулар, БПС (Всемирный почтовый союз / Дүниежүзілік пошта одағы) циркулярлары және басқа да құжаттар бойынша күнделікті нұсқама (инструктаж) алу;

  3. Қолхат арқылы атаулы заттарды алу, компьютерлердің, бағдарламалық қамтамасыз етпелердің (ПҚЖ (пошталық есепке алу жүйесі) және IPS (international postal system)), технологиялық жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру және бұйрықтармен, өкімдермен, нұсқаулармен, пошта жөнелтімдерін өңдеудегі өзгерістермен (бағыттау жоспарлары, БПС циркулярлары, Пошта қағидалары және т.б.), Қоғамның/филиалдың хаттарымен танысу;

  4. Ведомствоаралық ұйымдар мен басқа да байланыс кәсіпорындары жіберген бұзушылықтарды уақтылы анықтау, Тексеру хабарламаларын (CN43, CP78, E2, CN24 актілерін) жасау үшін 51-ф. актілерін және 30-ф. хабарламаларын, Тағайындалған операторлардың анықталған бұзушылықтары бойынша 51-а ф. актілерін уақтылы әрі сапалы түрде жасау;

  5. Бағдарламалық қамтамасыз етпеде пошта жөнелтімдерін өңдеу технологиялық процесін сақтау (атаулы салыстырып тексеруден кейін қабылдау-тапсыру актісін растайды, пошта жөнелтімдегі трек-нөмірдің болуы бойынша жүйеде әрбір пошта жөнелтімдерін сканерлеу арқылы салыстырады, сыйымдылықтың салмағын тексеру және сыйымдылықты ашу, пошта жөнелтімдегі трек-нөмірдің болуы бойынша жүйеде әрбір пошта жөнелтімін сканерлеу арқылы атаулы түрде салыстырады, бекітілген көшелер тізіміне сәйкес тағайындалған пункттері бойынша сұрыптайды және қапқа салып жабады) және 100% тіркеуді жүзеге асыру;

  6. Халықаралық және республика ішілік жөнелтімдерді белгіленген бақылау мерзімдерінде, бағыттау жоспарын сақтай отырып, уақтылы және сапалы өңдеуді жүзеге асыру, сондай-ақ сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  7. Пошта жабдықтарын оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес пайдалану;

  8. Құндылықтардың, пошта жөнелтімдерінің, мүліктің, атаулы заттардың, қап тарасының, жабдықтардың, компьютерлік техниканың, хат алмасу және телефон арқылы сөйлесу құпиясының сақталуын қамтамасыз ету;

  9. Техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

  10. Ауысымдағы жауапты тұлғаны және басшылықты өзіне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қатер төндіретін туындаған жағдайлар туралы хабардар ету;

  11. Пошта жөнелтімдері түспеген, не аз мөлшерде түскен жағдайда, негізгі бекітілген жұмыс аймағында жұмыс уақыты аяқталғанға дейін өңделген пошта жөнелтімдері болған кезде басқа жұмыс аймағына бөлу туралы ауысымның аға сұрыптаушысын дербес ауыстыру немесе хабардар ету;

  12. Басшылықтың нұсқаулары мен тапсырмаларын өз құзыреті шеңберінде уақтылы орындау;

  13. Учаске басшылығын әлеуетті немесе анықталған тәуекелдер (тыйым салынған заттарды табу, өрт және кез келген басқа да оқиғалар) туралы хабардар ету.

Талаптар:

  • Дербес компьютерді және MS Office бағдарламаларын пайдалана білу;

  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Шарттар:

  • Ауысымдық кесте

Қажетті қабілеттер

  • - Дисциплинированность и ответственность