Филиал директорының бірінші орынбасары

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
411

   Конкурс туралы

Міндеттері

Директордың орынбасары:

  1. Жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыруға.
  2. Дебиторлық берешекті төмендету жөніндегі қызметті талдауға қатысуға.
  3. Филиалдың ұйымдық құрылымын қайта қарауға қатысуға.
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарымен және басқа кәсiпорындармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыруға.
  5. Филиалдың электр энергиясын өткiзу, тұтынушы заңды және жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясы үшiн дебиторлық берешектi төмендету саласындағы саясатын iске асыруды қамтамасыз етуге.
  6. Бағынысты құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыстарының сапасын және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыруға.
  7. Нарықтың қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған кәсіпорындағы экономикалық жоспарлау бойынша жұмысты үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыруға, Филиал қызметінің барынша нәтижелілігіне қол жеткізу мақсатында өндіріс резервтерін анықтауға және пайдалануға.
  8. Қатысушының талаптарын қанағаттандыратын және нарықтың сыртқы және ішкі жағдайларын ескеретін Филиалдың даму стратегиясын әзірлеуге қатысуға.
  9. Өз құзыреті аясында бюджет қаражатының пайдаланылуы мен игерілуіне жалпы бақылауды жүзеге асыруға.
  10. Тұтынушылар үшін электр энергиясына экономикалық негізделген босату тарифінің өзгеруі туралы уәкілетті органға жіберілетін хабарлама материалдарының дайындалуына бақылау жүргізуге.
  11. Басқарудың қолданыстағы құрылымын талдауға бақылау жүргізуге және Филиалды басқару құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етуге.
  12. Филиалдың штаттық кестесін және оған өзгерістерді әзірлеуді, штаттық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға.
  13. Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелерін, материалдық ынталандыру әдістері мен жүйелерін, қолданылатын әлеуметтік кепілдіктерді, жеңілдіктер мен өтемақыларды қолдану тиімділігінің талдауына бақылау жүргізуге, сондай-ақ оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарауға.
  14. Филиалдың қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бақылау жасауға.
  15. Филиалда шарттардың уақтылы жасалуына және әкімшілік мәселелерге бақылауды жүзеге асыруға, осы қызмет мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етуге.
  16. Филиалдың стратегиялық көрсеткіштерінің орындалу барысын бақылауды қамтамасыз етуге.
  17. Филиал жобаларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға.
  18. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жөндеу-пайдалану қажеттіліктерінің жобаларын, ағымдағы жоспарларын және теңгерімдерін әзірлеуді бақылауды жүзеге асыруға.
  19. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, оларды тасымалдау мен сақтауға байланысты шығындарды азайту, артық материалдарды, жабдықтарды және материалдық ресурстардың басқа да түрлерін анықтау және сату жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуді бақылауды жүзеге асыруға.
  20. Филиалдың қызметінде заңдылықтың сақталуына және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуына бақылау жасауға.
  21. Тұтастай алғанда Филиал бойынша корпоративтік басқару қағидаларының орындалуын және енгізілуін бақылауды жүзеге асыруға.
  22. Филиалдағы құқықтық жұмысқа басшылықты бақылауға, қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға және оны қолдану тәртібіне түсініктеме беруге және т.б. міндетті.

 

Талаптар:

Филиал директорының бірінші орынбасарының жоғары энергетикалық және/немесе техникалық және/немесе экономикалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл болуы тиіс.

 

Шарттары:

Қалыпты