Бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Департамент жұмысына жалпы басшылық ету және Департамент қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу;«ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) тиісті органдарымен Қоғамның бизнес-жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту процесіне, сондай-ақ оған түзетулер енгізуге бақылауды жүзеге асыру;
еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың (бұдан әрі – ЕБҰ) бизнес-жоспарларының және/немесе бюджеттерінің жобаларын қарау және келісу процесіне, сондай-ақ оларға енгізілетін түзетулерге бақылауды жүзеге асыру;
Қоғамның және оның ЕБҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдау негізінде басқарушылық есептілікті қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Қоғамның және оның ЕБҰ-ның бюджет орындалуын талдау, белгіленген нысандарға сәйкес есепті кезеңдер бойынша есептілікті дайындау және оны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
экономикалық анықтамалықтарды жүргізу және өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру (шығын түрлері анықтамалығы, шығындардың пайда болу орны анықтамалығы, пайда пайда болу орны анықтамалығы және т.б.) және Қоғамның бюджет баптары бойынша шығындар кодтарының жіктеуішін жүргізу;
есепті кезең үшін Қоғамның бизнес-жоспарын іске асыру туралы есепті Қоғамның басқару органдарына белгіленген тәртіппен дайындау және ұсыну процесіне бақылауды жүзеге асыру (Қоғам компаниялар тобының Есеп саясатына сәйкес);
Қоғам басшылығы үшін Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша талдамалық материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Департамент құзыреті шеңберінде Қоғамның Өндірістік бағдарламасын қарау және келісу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
алғашқы есепке алу құжаттары негізінде Қоғамның барлық қаржы-шаруашылық операциялары мен өзге де оқиғаларын бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсету, шығыстарды, кірістерді дұрыс бөлу және жатқызуды жүзеге асыруға мониторинг жүргізуді бақылау;
Қоғамның және оның ЕБҰ-ның инвестициялық жобаларын, сондай-ақ Қоғамның алқалы және консультативтік-кеңесші органдарына (инвестициялық комитет, активтерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссия және т.б.) қарауға шығарылатын басқа да материалдарды олардың Қоғамның және оның ЕБҰ-ның бизнес-жоспарларының қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне ықпалын тұрғысынан қарау;
бизнес-жоспарлау, бюджетті орындау, экономикалық талдау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге және ЕБҰ-ға әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ бизнес-жоспарлау мен бизнес-жоспарлардың орындалуы туралы есептіліктің бірыңғайланған нысандарын әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмысты үйлестіру;
Қоғамның бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау процестерін реттейтін ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектендіру, оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз ету;
есепті кезең үшін Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы және есепті кезеңдегі Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ұсыныстар дайындау процесіне бақылауды жүзеге асыру;
Департамент құзыреті шеңберінде тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу жоспарларының жобаларын, шарттарды (келісімдерді, контрактілерді) және оларға енгізілетін толықтыруларды келісу;
Қоғамның Бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға жалпы басшылық ету;
Департамент қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау, осы тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
Талаптар:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім
- мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС Тексеру комиссиясының төрағасы
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.08.2026 | 1567
Жобалар бойынша шығындарды бақылау маманы / Жобалардың қаржылық контроллері (Бас инженер) (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.08.2026 | 857
Стратегиялық даму департаментінің менеджері (В2С ПАА кураторы)
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
07.09.2026 | 4145