"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалының №1 разъезімен біріктірілген 1-сыныпты Есіл станциясының 1-санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог

от 301 990
Костанайское отделение магистральной сети Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
131

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қызметкерлермен травматикалық жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар жасайды; 
  • жаңадан қабылданған қызметкерлермен кіріспе нұсқама жүргізеді;
  • цехтардың басшылары жүргізетін нұсқамалар (бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы) журналдарын жүргізу тәртібін бақылайды;
  • электротехникалық персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың II тобына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің білімін тексеру жөніндегі комиссияға қатысады;
  • біліктілік куәліктерін беруді жүргізеді;
  • станция қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуіне тексеру жүргізу кестесін әзірлейді.
  • станция қызметкерлерімен еңбекті қорғау мәселелері бойынша техникалық сабақтар өткізуге қатысады, еңбекті қорғау бойынша техникалық сабақтар өткізу журналын ресімдейді;
  • маневрлік диспетчердің жұмыс орнында бақылаудың 1 сатысының жүргізілуіне, онда күзет және қауіпсіздік техникасы бойынша бұрыштардың жай-күйіне, қолданыстағы бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, травматикалық жағдайлар бойынша телеграф нұсқауларының үзінділері бар папкалардың болуы мен жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
  • еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды, оны қажетті оқу және көрнекі құралдармен, техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру бойынша қатысады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр