Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі жетекші инженер

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
727

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, «Самрук-Қазына» АҚ нормативтік актілеріне және Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес Атырау филиалының тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін (бұдан әрі — ТЖҚ) сатып алу процедураларын жүргізу;
  • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдын ала, жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларын, сондай-ақ «Самрук-Қазына» АҚ сатып алуының ерекше тәртібі шеңберіндегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тізбесін жасау және оларға мониторинг жүргізу;
  • ТЖҚ сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияларды құру туралы бұйрықтардың жобаларын қалыптастыру және келісу;
  • Ашық тендер тәсілімен ТЖҚ сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы қалыптастыру және келісу;
  • Атырау филиалының сатып алу мәселелері бойынша, соның ішінде ішінара ел ішіндегі құндылық үлесі бойынша Жалғыз қатысушыға, «Самрук-Қазына» АҚ-ға, уәкілетті және бақылаушы мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар шеңберінде есептілік құрастыру;
  • Серіктестік шарттарының ішкі сатып алу процедураларына және «Самрук-Қазына» АҚ-ның сатып алу мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарына сәйкестігін тексеру және талдау;
  • Тендер тәсілімен немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тәртібінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді бағалауды және салыстыруды жүзеге асыру;
  • Basшылық құжаттарға сәйкес бір көзден ТЖҚ сатып алу туралы шешімдерді дайындау;
  • ТЖҚ сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Атырау филиалының қызметкерлеріне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процедурасына байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
  • «Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе аралық «Самрук-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру Тәртібінің талабына сәйкес Филиалдың веб-сайтында ТЖҚ сатып алу туралы қажетті құжаттар мен шешімдерді орналастыру;
  • Сатып алу веб-порталында сатып алу веб-порталы белгілеген нысан бойынша бір көзден сатып алу туралы есепті орналастыру;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың тендерлеріне әлеуетті өнім беруші ретінде қатысу үшін сатып алуды ұйымдастыру басқармасынан талап етілетін құжаттар бөлігінде өтінімдерді дайындауға қатысу, конкурстарды, тендерлерді ұйымдастырушылардың электрондық порталдарына тендерлік өтінімдерді жүктеу;
  • «Самрук-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асыру Тәртібінде көзделген жағдайларда Атырау филиалының тауарларына қосымша баға маркетингін жүргізуді үйлестіру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында және өзге де ішкі құжаттарда көзделген құзырет шеңберіндегі өзге де функцияларды жүзеге асыру;
  • Тендерлік өтінімдер бойынша қамтамасыз етуді уақтылы қайтару;
  • «Самрук-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асыру Тәртібіне сәйкес маркетингтік талдау жүргізу;
  • Жалғыз қатысушы белгілеген жүйеде Атырау филиалының сұранысқа ие, сұранысқа ие емес өтімді және өтімсіз тауар-материалдық қорларының қозғалысы бойынша есептілікті құрастырады және орналастырады;
  • «Самрук-Қазына» АҚ, уәкілетті және бақылаушы мемлекеттік органдар үшін тиісті сұрау салулар шеңберінде есептілік құрастырады;
  • Сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті органның өтініштеріне және (немесе) сұрау салулары мен нұсқамаларына жауаптар дайындайды;
  • Импортты алмастыруға арналған тауарлар пулының жобасына енгізуге ұсынылатын Атырау филиалы тауарларының тізбесін қалыптастырады;
  • Өнім берушілердің, орындаушылардың және мердігерлердің отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді;
  • Уақытша жоқ қызметкерді (қызметкерлерді) алмастыру;
  • Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау.

Талаптар:

  • «Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторының жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе аралықтай «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі.
  • Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінде (zakup.sk.kz) жұмыс істеу дағдылары

Шарттар:

  • Атырау қ.

  • 5/2 (жұмыс кестесі)