Бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің уақытша болмаған мерзіміне)

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
93

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:
3.1.1 Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және кәсіпорын мүлкінің сақталуын жүзеге асыру;
3.1.2 Газды тұтынушылар санаттары бойынша өткізу, сондай-ақ дебиторлық берешекке талдау жүзеге асыру;
3.1.3 Газ тұтынушыларымен өзара есеп айырысулар есебін жүргізу, тоқсан сайын салыстыру актілерін құрастыру және қол қою, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ желісі бойынша байланысты тараптар бойынша;
3.1.4 Берілген шот-фактуралардың дұрыс рәсімделуін тексеру;
3.1.5 Қызмет көрсетушілермен операцияларды шағылыстыру, кредиторлық берешек тізбесін жасау, контрагенттерден түсетін бастапқы құжаттаманың қолданыстағы нысандарға сәйкестігін, деректердің дұрыс әрі толық шағылысуын қабылдау және кейіннен тексеру, Қоғамның есеп саясатына сәйкес бастапқы құжаттарды жүйелеу, түсетін бастапқы құжаттама негізінде жиынтық есептер жасау;
3.1.6 Өзара есептерді жүргізу, контрагенттермен есеп айырысуларды салыстыру, өнім берушілермен құжат айналымы туралы деректерді басшылыққа және басқа да мүдделі тұлғаларға ұсыну, міндеттемелердің уақтылы өтелуін қадағалау;
3.1.7 Есеп беретін тұлғалар бойынша берешекті есепке алу, есеп беретін тұлғалардың есептерді ұсыну және пайдаланылмаған қаражат қалдығын қайтару мерзімдерін бақылау, қызметкерлердің аванстық есептерді толтыру дұрыстығын тексеру, есепке қоса берілетін растаушы құжаттарды қабылдау және тексеру;
3.1.8 Қаржылық есептілікке толықтамалармен (тарқатпалармен) жұмыс істеу, аудиторлық сұраныстар, Орталық бухгалтерияның және Қоғамның басқа да департаменттерінің сұраныстары бойынша нысандарды толтыру. Сұранысқа қарай филиал басшылығына ақпарат беру;
3.1.9 Іс жүргізу, Бухгалтерлік есеп бөлімінің (БЕБ) ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасын сақтау және архивке тапсыру, БЕБ қызметкерлерімен бірлесіп заманауи автоматтандырылған есептеу-есепке алу жұмыстарын, бухгалтерлік есептің озық нысандары мен әдістерін пайдалануды қамтамасыз ету;
3.1.10 «Іс жүргізу» және «Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптардың қанағаттанушылығын мониторингтеу» құжаттамалық процедураларының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу бойынша функцияларды орындау;
3.1.11 Өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі нормативтік құжаттардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын қамтамасыз ету;
3.1.12 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша шаралар қабылдау;
3.1.13 ШПФ ИСМ бойынша бақылауды жүзеге асыру және мониторингке дайындық жүргізу;
Талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы.
Шарттар: Еңбек шарты шарттарында.

Қажетті қабілеттер

  • ­ навыки работы в команде, лидерство и коммуникативность
  • -Внимательность
  • - Ответственно и внимательно выполняю поставленную перед собой зада

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр