Механикалық цехының 5-разрядты кең профильді станокшы
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Токарлық және фрезерлік станоктарда 6–7 квалитет бойынша бөлшектерді өңдеу, бұрғылау және ажарлау станоктарында — 6 квалитет бойынша салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып, әртүрлі бейімдеуіштерді пайдалану және бірнеше жазықтықта дәл келтіру;
- Тәжірибелік және шағын сериялы өндіріс жағдайларында фрезерлік, бұрғылау, тас кесу және токарлық станоктарда шикі және күйдірілген керамикадан жасалған әртүрлі бөлшектерді өңдеу;
- Керамикалық бөлшектерді механикалық өңдеуге арналған бейімдеуіштерді дайындау;
- Күрделі бейімдеуіштерді және арнайы кескіш құралды орнатумен керамикалық бұйымдарды өңдеуге арналған, соның ішінде бағдарламалық басқаруы бар әртүрлі станоктарды баптау;
- Легирленген болаттардан, арнайы және қатты қорытпалардан жасалған бөлшектерде тесіктерді бұрғылау, кеңейту (развертывание), жону (растачивание);
- Универсал және оптикалық бөлу бастиектерінде барлық қажетті есептеулерді орындаумен әртүрлі бұрандалар мен спиральдарды кесу;
- Бірегей жабдықта күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды фрезерлеу;
- Сыртқы және ішкі фасонды беттерді, сондай-ақ қисық сызықты цилиндрлік беттермен түйісетін беттерді тегістеу және дәлдеп өңдеу, оның ішінде өңдеу мен өлшеуге қиын қолжетімді орындарды қоса;
- Электрокорундтан жасалған бұйымдарды тегістеу;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарына қатаң сәйкес барлық жұмыстарды жүргізу;
- Еңбек қауіпсіздігі бойынша ПТЭ, ПТБ, ППБ, лауазымдық, өндірістік нұсқаулықтар және ЕҚ (еңбекті қорғау) жөніндегі нұсқаулықтар талаптарын сақтау;
- Оның құзыретіне кіретін, тікелей басшысы және Товариществоның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
- Техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім
- Жұмыс өтілі кемінде 2 жыл
- Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл
Шарттар:
- мамандандырылған оқу орталығы берген қолданыстағы станокшы біліктілік куәлігінің болуы (қажет болған жағдайда – білімін қайта тексеруден өту және разрядын арттыру);
- токарьлық, фрезерлік және пресс станоктарында өз бетінше жұмыс істеу бойынша расталған жұмыс тәжірибесінің болуы;
- жону, қайрау, материалдарды ажарлау және станокта орындалатын басқа да жұмыс түрлерін қоса алғанда, күрделі технологиялық операцияларды орындау тәжірибесінің болуы.
Қажетті қабілеттер
- механические ремонты
- - исполнительность, пунктуальность, аккуратность, внимательность