Жетекші менеджері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
72

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нарықтық бағаларды талдау мен мониторингін жүргізу, соның ішінде әртүрлі дереккөздерден баға ақпаратын жинау, өңдеу және салыстыру; • Техникалық ерекшеліктерге сәйкес әлеуетті жеткізушілерге коммерциялық ұсыныстар беруге сұратулар жіберу; • Сатып алулардың бағалық талдауын жүргізу, соның ішінде коммерциялық ұсыныстарды бағалау, алдыңғы сатып алулардың бағаларын талдау және негізделген баға деңгейін анықтау; • Маркетингтік талдау мәселелері бойынша сатып алу бастамашыларымен, жеткізушілермен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау. • Сатып алу туралы шешімдерді қабылдау үшін бағаны талдау нәтижелері бойынша талдамалық қорытындыларды, есептерді және ұсынымдарды дайындау; • Сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттар мен заңнама талаптарының, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы стратегиялық және бизнес-жоспарлау жөніндегі Корпоративтік стандарттың сақталуын қамтамасыз ету; • Маркетингтік қорытындыларды алу мәселелері бойынша ««Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу бағаларының маркетингі департаментінің өкілдерімен коммуникация жүргізу; • Бағаны талдау әдіснамасы мен процестерін жетілдіру, соның ішінде маркетингтік талдаудың тиімділігін арттыру және сатып алу процестерін оңтайландыру бойынша тәсілдерді, құралдарды және ұсыныстарды әзірлеу; • Бағаны анықтау кезінде пайдаланылатын барлық ақпарат (коммерциялық ұсыныстар, бағалық ұсыныстар, прайс-парақтар және т.б.) іс қағаздарын жүргізу нормаларына сәйкес міндетті түрде тіркелуге жатады; • Меншікті маркетингтік қорытындылардың, тәуелсіз компаниялар ұсынған маркетингтік қорытындылардың, мемлекеттік органнан алынған ақпараттың, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның маркетингтік қорытындыларының Қазақстан Республикасының құжаттама жүргізу саласындағы заңнамасында талап етілетін мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету.

Білім:

Жоғары экономикалық немесе техникалық

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары.

Қосымша:

• Келесі бағдарламалық жасақтамалармен сенімді жұмыс істеу дағдылары міндетті: - MS Excel; - MS Word; - MS Outlook; • Келесі бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу дағдылары болғаны жөн: - 1С; • Орыс тілін білу деңгейі – еркін; • Қазақ тілін білу деңгейі – бастапқы деңгей; • Кәсіби сертификаттаудың болуы, егер сертификаттың болуы міндетті болған жағдайда.

Білетін тілдер:

• Орыс тілін білу деңгейі – еркін; • Қазақ тілін білу деңгейі – бастапқы деңгей;