Лауазымдық жауапкершілік:
Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және дамыту процесін қамтамасыз ету • Пәндік саланы зерделеу және модельдеу; • "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК "АҚ компаниялар тобының процестерін автоматтандырудағы ұйымдардың қажеттіліктерін талдау; • Тапсырыс берушінің талаптары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, процестер модельдерін, деректерді, пәндік сала объектілерін, ақпараттандыру объектісінің нысаналы моделін құру және сипаттау; • Талаптарды ресімдеу және құжаттау, бизнес-процестерді әзірлеуге және жаңғыртуға техникалық тапсырманы дайындау; • Бағдарламалардың функционалдық мақсатына сәйкестігін неғұрлым толық тексеруді қамтамасыз ететін тест мысалдарының көлемі мен мазмұнын анықтау, бағдарламаларды ретке келтіру; • Тапсырыс берушімен сұхбат және жобалау командасымен кездесу өткізу; • АЖ техникалық қолдауды қалыптастыру және орындау; • АЖ өзгерістерін басқару; • АЖ әзірлеу, тестілеу, сүйемелдеу және дамыту процесінде мүдделі тұлғалармен, сондай-ақ сыртқы мердігерлік ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл; • Құрылған модельдер мен қалыптастырылған қызмет нәтижелерінің тұсаукесерлерін өткізу; • Басшылыққа тұрақты негізде есеп беру; • Тапсырыс берушіге оның бизнес-процестерін техникалық қолдау және инциденттерді шешу мәселелері бойынша консультация беру; Департаменттің тиімді қызметін қамтамасыз ету • Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Серіктестіктің Жарғысына, өз өкілеттіктері шегінде шығарылған бұйрықтарға, өкімдерге, нұсқаулар мен тапсырмаларға, осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өз еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау; • Өз өкілеттіктерін Серіктестік берген құқықтар шегінде лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру; • Серіктестік белгілеген ішкі еңбек тәртібін орындау және еңбек тәртібін сақтау; • Серіктестіктің еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерінің талаптарын сақтау; • Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. • Серіктестік басшылығының Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген өзге де тапсырмаларын орындау.Білім:
Жоғарғы білім Техникалық, экономикалық, басқарушылық, IT, ҚұқықтануДағдылар:
• Ақпараттық жүйелер саласындағы техникалық сүйемелдеу және дамыту бойынша тәжірибе; • Бизнес шешімдерді сүйемелдеу және дамыту қағидаттары мен әдіснамаларын білу; • Ақпараттық жүйелерді дамыту және техникалық тапсырмаларды жазу бойынша білім; • Өз бағыты шеңберінде ақпараттық жүйелердің стандартты функционалын білу және тәжірибесі; • Пайдаланушыларды, рөлдерді және өкілеттіктерді басқару; • SAP NetWeaver технологиялық платформасының архитектурасы туралы білім және тәжірибе; • ABAP тілін жалпы білу; • Модульдердегі бағдарламалау тәжірибесі; • SAP жүйесін және басқа да АЖ әкімшілендіру. • Іскерлік хат алмасу дағдылары; • Тәлімгерлік, командада жұмыс істеу; • Ақпараттық қауіпсіздікті білу.Қосымша:
Ақпараттық жүйелердің жұмыс қағидаттары мен құрылымын түсіну (міндетті түрде) SAP
SAP модульдерінде көрсетілген жүйелік компоненттер мен процестерді баптауға қатысу.
• ERP жүйелері мен АЖ функционалдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті және қажетті лицензиялар мен сертификаттар;
• Бизнес-жоспарлау және жоспарларды жасау негіздері (міндетті түрде);Білетін тілдер:
Орыс, қазақ, ағылшын (мүмкіндігінше)